Қош келдің, әз Наурыз!
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
15-03-2017 17:46
Қош келдің, әз Наурыз!
2017 жылдың 15-наурызында «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ- нің мамандарының ұйымдастыруымен және  «Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның»  жылдық жоспарына сәйкес «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік-іс шара өткізілді. 
Мерекенің мақсаты: қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін дәріптеп, Қазақстан мемлекетінде өмір сүретін ұлттар мен ұлыстардың салт- дәстүрін сақтауды насихаттау, құрметтеу арқылы шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.  Ата-аналармен және қызмет алушылармен тығыз қарым-қатынаста болу.
Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.А.Құрманғалиевке құттықтау сөз беріліп, жиналған көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Мерекеде ұйғыр халқының бала дүние келгендегі  шілдехенасы көрсетілсе, қырғыз ұлты ұлттық ойындарымен ерекшеленіп, татар ұлты қыз ұзатып, өзбек халқы келін түсіру дәстүрін  дәріптеп ұлттық ән- билерінен музыкалық нөмерлер көрсетілді. Әр ауылға қыдырып жүрген Қыдыр ата, Қожанасыр, Алдар-көсе, Әжелер де өз  өнерлерінен шашу шашты.
Мерекелік іс- шараға қатысушылардың өнерлері бағаланып,
әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінің «Ұйымшыл ауыл», «Қонақжай ауыл», «Салт- дәстүрді насихаттаушы», «Өнерлі ауыл» номинациялары бойынша 
дипломдарымен марапатталды.
Наурыз тойының аяғында мүмкіндігі шектеулі жандарға және олардың отбасыларына наурыз көже мен ұлттық дәмнен ауыз тигізіп, құрмет көрсетілді.
 
Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі