Аналарға әлеуметтік көмек
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
17-03-2017 14:05
Аналарға әлеуметтік көмек
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы қағидаларын бекіту туралы» Семей қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-Ү шешіміне сәйкес 2017 жылдың наурыз айында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне  «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған, «Батыр ана» атағын алған, 1,2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған 2470 көп балалы аналарға және 1626 төрт және де одан аса бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 12253 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленді. 
Осы мақсатқа 50,1 млн. теңге жұмсалды.
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі