Жұмыспен қамту
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
17-03-2017 14:07
Жұмыспен қамту
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың   бағдарламасы өнімді жұмыспен қамтамасыз етудің пәрменді тетігі болып табылады, бұл бағдарлама аясында қала халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шаралары іске асырылады: жұмысқа орналастыру; уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту;  қәсіптік оқытуға жолдау; жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту.
2017 жылдың 16 наурызындағы  жағдай бойынша 3227 адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мәселесімен өтініш жасады. Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 789 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде нысаналы топқа кіретін  91  жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа жіберілді. «Жастар тәжірибесі» кіші бағдарламасына  білім беру мекемелерінің 134 түлегі қатысты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 224 жұмыссыз қатысты.
Тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны 1076 адамды құрады. 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі