Әлеуметтік төлемдер
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
19-04-2017 12:24
Әлеуметтік төлемдер
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы қағидаларын бекіту туралы» Семей қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-Ү шешіміне сәйкес 2017 жылдың сәуір айында:
Чернобыль АЭС апатының құрбандарын еске алу күніне.
1986-1987 жылдары Чернобыль апатын жоюға қатысқан 147 азаматқа 79 642 теңгеден жиыны 11707,374 мың теңге, 1988-1989 жылдары қатысқан азаматтарға 6126 теңгеден жиыны 153,150 теңге, сонымен қатар қайтыс болған Чернобыль апатын жоюшылардың 18 отбасыларына 12253 теңгеден 220,554 мың теңге, ядролық сынақтар мен жаттығуларға қатысқан 114 азаматқа 73516 теңгеден жиыны  8 380,824 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді.
Осы мақсатқа 20, 5 млн. теңге жұмсалды.
9 май - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына:
58 ҰОС қатысушылары мен мүгедегіне 626 966 теңгеден жиыны 36 364,028 мың теңге, ҰОС кезінде қимыл жасаған Совет армиясы құрамына өз еркімен жалданып қызмет атқарған 1 азаматқа 133 871 тенге, ҰОС жылддары қаза тапқан әскери қызметшілердің 3 зайыбына 108005 теңгеден 320,015 мың теңге, 6 қоршаудағы Ленинград тұрғындарына 108005 теңгеден жиыны 648,030 мың теңге, екінші дүние жүзілік соғыс кезінде фашистік концлагерьлерінің 8 тұтқынына 108005 теңгеден жиыны 864,040 мың теңге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ССР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған 175 тұлғаларға 28816 теңгеден жиыны 5042,8 мың теңге, қайтыс болған ҰОС мүгедегінің 220 әйелдеріне 3630 теңгеден жиыны 798,6 мың теңге, әскери міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жараланған 52 әскери қызметшілерге 73516 теңгеден жиыны 3 822,832 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді.
Осы мақсатқа 48,0 млн. теңге жұмсалды.
 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі