Алғашқы сенбілік
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
20-04-2017 11:45
Алғашқы сенбілік
Біздің қаламызда сәуір айының сенбі күндері -  жалпықалалық сенбілік күндері болып жарияланды. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ- нің Күндізгі бөлімшесіне маңайындағы аумақты көркейту мен санитарлық тазалау- көктем айының дәстүрлі іс- шаралары болып кетті. 
Осы айдың 15 сәуірі күні ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілік нәтижесінде бөлімше қыстан кейін кәдімгідей жаңарып қалды. Таңертеңгі сағат 9-дан бастап сенбілікке қатысып, өз аумақтарынан қоқыс-қалдықты шығарып, ағаш түптерін, жол жиегін әктеген ұжым мүшелері  ортақ үйіміздің әсемденуіне бір кісідей атсалысты. 
Сенбілік бұл – біздің әдемі әлемде өмір сүруге деген ықылысамызды білдіретін, таза ауада және жақсы ауа- райы күнінде еркін қарым- қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін іс- шара. Өйткені, тазалық адамның бойында ғана емес, оның айналасында да болу қажет, сондықтан да сенбіліктер сол үшін өте маңызды.
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі