Жұмыспен қамту
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
20-04-2017 12:26
Жұмыспен қамту
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы өнімді жұмыспен қамтамасыз етудің пәрменді тетігі болып табылады, бұл бағдарлама аясында қала халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шаралары іске асырылады: жұмысқа орналастыру; уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту;  қәсіптік оқытуға жолдау; жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту, кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
2017 жылдың 20 cәуірдегі  жағдай бойынша  4376 адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мәселесімен өтініш жасады. Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 1232 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде нысаналы топқа кіретін  95  жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа жіберілді. «Жастар тәжірибесі» кіші бағдарламасына  білім беру мекемелерінің 173 түлегі қатысты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 332 жұмыссыз қатысты.
Тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны 1400 адамды құрады. 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі