Басы » Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім » Жаналықтар » Ашық сабақ «Ғажайып геометриялық пішіндер әлемі»
Ашық сабақ «Ғажайып геометриялық пішіндер әлемі»
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
18-05-2017 14:50
Ашық сабақ «Ғажайып геометриялық пішіндер әлемі»
Сабақтын мақсаты: Балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды түсіндіру, геометриялық пішіндерді меңгерту, кеңістікті бағдарлай білуге үйрету, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту. Заттарды ұстау, сипап көру арқылы балалардың тактильді сезімдерін дамыту, М. Монтессори элементтерін кіргізу арқылы балалардың жалпы және ұсақ қол моторикаларын жетілдіру, сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу тілін дамыту.      
Ашық сабақ таңғажайып сәттен басталды. Балаларға судағы тірі балықты көру – ерекше әсер етіп, қуаныш сезімін сыйлады. Балықты өз ортасына, теңізге жеткізу үшін көлік түрін таңдап, кемені геометриялық пішіндер арқылы толықтырып, саяхатқа дайындады. Кемемен саяхатқа шыққан балалар қоршаған ортамен танысып, кеңістікті бағдарлай отырып, су астындағы балықтар түрлерімен, аспандағы әр түрлі жануарларға ұқсас бұлттармен танысты. Теңіз жағасындағы құмның үстінде ойындар ойналып,  әр балаға жеке тапсырмалар да берілді: бірі құм үстелінде қиылмалы геометриялық пішіндерді көмкеру арқылы сурет салса, енді бірі танграммнан кеме құрастырды, бірі пластикалық ыдыстан қайық жасап, бірігіп суға жіберді. Сабақ музыкамен әрленіп, басқа пәндермен кіріктіріле отырып,ертегі түрінде қызықты өтті. Мұндай ойын түріндегі саяхат сабақтар мүмкіндігі шектеулі балалар үшін өте қызықты және қолайлы. Ашық сабақ орталық мамандарының көңілінен шықты.
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі