Жұмыспен қамту
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
19-05-2017 09:30
Жұмыспен қамту
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы өнімді жұмыспен қамтамасыз етудің пәрменді тетігі болып табылады, бұл бағдарлама аясында қала халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шаралары іске асырылады: жұмысқа орналастыру; уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту;  кәсіптік оқытуға жолдау; жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту, кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
2017 жылғы  18 мамырдағы   жағдай  бойынша  5600 адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мәселесімен өтініш жасады. Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 1760 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде нысаналы топқа кіретін  145 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа жіберілді. «Жастар тәжірибесі» кіші бағдарламасына  білім беру мекемелерінің 195 түлегі қатысты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 337 жұмыссыз қатысты.
Тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны 1605 адамды құрады. 
 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі