Басы » Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім » Жаналықтар » Жаз маусымындағы балалардың бос уақытын ұйымдастыру шаралары
Жаз маусымындағы балалардың бос уақытын ұйымдастыру шаралары
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
13-07-2017 16:31
Жаз маусымындағы балалардың бос уақытын ұйымдастыру шаралары
Жыл сайын «Семей қаласың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ- нің күндізгі бөлімшесінде жаз маусымындағы балалардың бос уақытын ұйымдастыру шаралары жүргізіледі. Негізгі мақсаты: 
- Балалардың жазғы уақытын әсерлі өткізуіне мейлінше қолайлы жағдай жасау;
- Шынықтыру шаралары арқылы қимыл әрекетін таза ауада өткізу, қимыл белсенділіктерін арттыру;
- Жағымды көңіл- күй мен қолайлы орта туғыза отырып, тәрбиеленушілердің қажеттіліктерін қанғаттандыру.
Бөлімшедегі балалар үшін іс-әрекеттің барлық түрі ауаға ұласады. Қаламыздың саябақтары мен алаңдарына, аралға апару және т.б. серуен түрлері. Сонымен қоса, оларды тек қана таза ауаға апарудан басқа, өзге де қоғамдық орындарға бару да қамтамасыз етіледі.
Аптаның әр сейсенбісі күні балалар 1 сағаттық уақыт көлемінде «Қуаныш» ойын-сауық кешеніне барады. Әр баланың жүзінен күлкі мен қуаныш үйіреді. Кешенде балалар секірмелі батутта секіріп, сырғанақта сырғанап, арнайы балаларға арналған кішігірім әдемі үйлерде, жұмсақ ойыншықтармен ойнап, әткеншек тебеді. Тәрбиеленушілер өздерін ертегі әлемінде жүргендей сезінеді. 
 
 
Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі