Басы » Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім » Жаналықтар » «Еңбек нарығын жаңғырту және кадрларды қайта даярлау» тақырыбында дөңгелек үстел
«Еңбек нарығын жаңғырту және кадрларды қайта даярлау» тақырыбында дөңгелек үстел
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
13-07-2017 16:44
«Еңбек нарығын жаңғырту және кадрларды қайта даярлау»  тақырыбында дөңгелек үстел
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  ММ-де  «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалымен «Еңбек нарығын жаңғырту және кадрларды қайта даярлау» тақырыбы бойынша бірлескен дөңгелек үстел өтті. 
Дөңгелек үстелдің мақсаты: кадрларды қайта даярлау бағдарламасын толық түсіндіру және бағдарламаны іске асыру негізінде халықтың әл - ауқатының сапасы мен деңгейін көтеру. 
Дөңгелек үстел жұмысын «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары З. Жамалтдинова ашты. Дөңгелек үстел жұмысына қалалық маслихат депутаттары А.С. Арғынбекова, Д.А. Даирова, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы                 А. Құрманғалиев,  «ВК РЭК» АҚ филиалы, «Восток бройлер» ЖШС, «Азия Комби» ЖШС, «Семей водоканал» МКК басшылары, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатысты. 
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпаратпен (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету)  Халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқыту бөлімінің бастығы А. Бураханова сөз сөйледі.   
Қалалық маслихат депутаттары, кәсіпорын басшылары жастардың алғашқы жұмысшы кәсібін тегін игеруге қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кәсіптері бойынша ересек тұрғындарды қайта даярлау және олардың дағдыларын арттыру маңыздылығын және аталған бағдарламаны халық арасында кеңінен ақпараттандыру қажеттілігін  атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша сындарлы ұсынымдар берілді. 
 
Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі