Басы » Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім » Жаналықтар » «Пішіндер әлеміне саяхат» тақырыбында ашық сабақ өткізілді
«Пішіндер әлеміне саяхат» тақырыбында ашық сабақ өткізілді
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
11-08-2017 17:41
«Пішіндер әлеміне саяхат» тақырыбында ашық сабақ өткізілді
2017 жылдың  тамыз айының 8 күні «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы » КММ-нің ұйымдастыруымен Шақаман ауылының әлеуметтік қызметкері мүмкіндігі шектеулі қызмет алушы Мағауиянов Ризабекпен «Пішіндер әлеміне саяхат» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі жандарға, геометриялық пішіндер жөнінде түсінік беру, пішіндерді пайдаланып, әр-түрлі бұйымдар жасау, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, әсемдік пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.     Ашық сабаққа«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» директордың орынбасары, әдіскер, бөлім меңгерушілері, психолог келіп қатысты. Сабақ «Үйшік»ертегісінің желісімен келтірілді. Саяхат үш бөлімнен тұрды. Әр бөлімге жеткен сайын тапсырмалар орындалып, геометриялық пішіндерден балық денесін құрап шығарды. Сабақта көрнекіліктер талапқа сай қолданылды. Қызмет алушы бала компьютерден пішіндерді шығарып, өзі қалаған түске бояды. Сабақ барысында тыныс алу, вокальді, ырғақты жаттығу, халық биі Қаражорғамен биленіп, би қимылы арқылы пішіндерді көрсетті.  Қорытындыда келген қонақтар сабақ жөнінде өз ойларын ортаға салып, алғыстарын білдірді. Ауылдағы басқада қызмет алушылардың үйлеріне арнайы барып, өз қолдарынан жасаған бұйымдарын көріп, ата-аналарымен әңгімелесті. Мамандар «Шақаман» ауылынан жақсы көңіл күймен қайтты.                                  
 
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы » КММ