Дойбы сайысы
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
25-08-2017 11:20
Дойбы сайысы
2017 жылдың 20 тамызында қаламыздың Орталық саябағында 10 тамыз күні орталық кітапханада өткен дойбы сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 
Турнир Спорт күніне орай өткізіліп, қаламыздың дене шынықтыру және спорт бөлімімен мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіру және қоғамға бейімдеу мақсатында ұйымдастырылды. 
«Семей қаласының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің төрт қызмет алушысы дойбыдан сайысқа қатысты: Воронин Александр, Тусупов Дамир, Нукербаев Арман, Алимбеков Жасулан.
Сайыс достық атмосферада өтті, бірақ ауыр болды. Екі кезеңді сайыстан кейін I-орынға Орталығымыздың қалалық дойбы мен шахмат ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы – Воронин Александр тағы бір мәрте ие болды.
Сайыстын жеңімпаздары Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының мадақтама қағаздарымен марапатталды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, оларға спорттық жетістіктер тілейміз. 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі