Жұмыспен қамту
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
25-08-2017 11:30
Жұмыспен қамту
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың   бағдарламасы өнімді жұмыспен қамтамасыз етудің пәрменді тетігі болып табылады, бұл бағдарлама аясында қала халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шаралары іске асырылады: жұмысқа орналастыру; уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту;  кәсіптік оқытуға жолдау; жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту, кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
2017 жылғы  24 тамызындағы   жағдай  бойынша  10636 жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мәселесімен өтініш жасады. Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 4298 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде нысаналы топқа кіретін  322 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа жіберілді. «Жастар тәжірибесі» кіші бағдарламасына  білім беру мекемелерінің 391 түлегі қатысты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 378 жұмыссыз қатысты. Кәсіби оқытудың қысқа мерзімді курстарына 685 адам жолданды. 
Тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны 1923 адамды құрады. 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі