Көрмеге шексіз алғыс
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
28-08-2017 11:28
Көрмеге шексіз алғыс
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне баруға күні бұрын дайындалған, қаламыздағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі жандардың қуаныштарында шек болмады. Көрмеге мүмкіндігі шектеулі  20  қызмет алушы және осы жандарға қамқорлық көрсету  үшін  6  маман жүрдек пойызбен жол тартты. Орталықтың директоры Тынысова Рымжан Төлеуханқызы жолаушыларға ақ жол тілеп шығарып салды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың «ЭКСПО-2017» көрмені тамашалауы, 4 уақыт тамағы, жатын орындары, жол ақысы тегін болды. Барған мүмкіндігі шектеулі жандардың бір күн бойы павильонды аралап, Астананың көрікті жерлерін, кемеге отырып Есіл өзенін тамашалаулары, естерінен кетпейтіндей әсерге бөледі. Осындай айтулы шараның елімізді аброймен өтіп жатуы кеудеге мақтаныш сезімін ұялатады. Халықаралық көрмеден қызмет алушы жандардың алған әсері шексіз.
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі