Несиелендіру
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
29-08-2017 16:57
Несиелендіру
2017 жылғы 28 тамыздағы жағдай бойынша Бағдарламаның екінші бағытына қатысу үшін жалпы сомасы 704,5 млн теңгеге 139 әлеуетті қатысушыдан өтінім түсті. 
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында «Даму» ӨКҚ АҚ несиелендіруге келісімшарт жасасқан Семей қаласының екінші деңгейдегі банк филиалдарының («АТФ Банк»АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «НұрБанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ) директорларын, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдері басшыларын шақырумен 2017 жылғы 15 тамызда кеңес өткізілді. 
Жобалары екінші деңгейдегі банктердің қарауына жолданған жоғарыда аталған тұлғалармен және Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларымен 2017 жылғы 28 тамызда қала әкімінің төрағалығымен кеңес өткізілді. 
Семей қаласы бойынша екінші деңгейдегі банк бөлімшелері арқылы шағын несие алу үшін 24 займ алушыға жалпы сомасы 199,7 млн теңгеге жолдамалар берілді. 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі