Басы » Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім » Жаналықтар » «Семей - Невада» бүкілхалықтық антиядорлық қозғалысының 26-жылдығы
«Семей - Невада» бүкілхалықтық антиядорлық қозғалысының 26-жылдығы
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
31-08-2017 15:06
«Семей - Невада» бүкілхалықтық антиядорлық қозғалысының  26-жылдығы
29 тамыз 2017жылы Семей қаласында Түйемойнақ аралындағы «Өлімненде күшті» монументі жанында «Семей - Невада» бүкілхалықтық антиядорлық қозғалысының  26-жылдығы  аталып өтті. Бұдан жиырма алты жыл бұрын бұл қозғалыс полигоннын жабылуынан туылды. 11.00-де ашылу салтанатында «Өлімненде күшті» монументіне гүл шоқтары қойылды. Қазақстандықтар өздерінін тәжірибесінде ядролық қарудың  жойқын күшін сезінді. . 29 тамыз 1991жылыядролық полигоннын жабылуы Қазақстан Республикасының Президентінің қолдауымен біздің еліміз әлемдегі ядролық қарусыз мемлекет екенін дәлелдеді.  Ядролық қарудың Адам баласына және табиғатқа тигізген зиянын айта келіп, ядролық қаруды тек қана бейбітшілік жолмен пайдалану керектігі туралы айтылды Қазақ жерінің кеңдігі мен табиғатының екрекшелігі баға жетпес байлық. Қазақ жері ғасырлар бойы адамдарға денсаулық пен қуаныш сыйлайды. Сол табиғат аясы тыныштық пен бейбіт өмір үшін жаратылған. Ядролық жарылыстар адамдарға ғана емес, табиғатқа да үлкен зиян келтірді.
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі