Басы » Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім » Жаналықтар » Ата заңымыздың қабылдану күніне және 1 қыркүйек білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
Ата заңымыздың қабылдану күніне және 1 қыркүйек білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
05-09-2017 16:41
Ата заңымыздың қабылдану күніне және 1 қыркүйек білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
Тамыз айының 31күні «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-да Ата заңымыздың қабылдану күніне және 1 қыркүйек білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мереке барысында Қазақстан Республикасының заңының қабылдануы туралы мағлұматтар беріліп,слайдтар көрсетілді 
Осы мерекемен қатар келетін алғашқы қоңырау мерекесі қоса аталып өтті.Шара барысында мектеп табалдырығын аттағалы отырған мумкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді мектепке қабылдау рәсімі өтті. Орталық директоры Тынысова Рымжан Төлеуханқызы балаларды құттықтап,сөз сөйледі. Ән ұран шырқалып,концерттік бағдарламалар қойылып ,сыйлықтар табысталды. 
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына сөз беріліп ,тілектер айтылып , алғашқы қадамдарына ақ жол тіледі. 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі