Басы » Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім » Жаналықтар » Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін әрі қарай жаңғырту тұжырымдамасының жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін әрі қарай жаңғырту тұжырымдамасының жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
07-09-2017 14:41
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін әрі қарай жаңғырту тұжырымдамасының жобасын талқылау  бойынша дөңгелек үстел өтті
Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ –де Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызметкерлер формумын өткізу және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін әрі қарай жаңғырту тұжырымдамасының жобасын талқылау  бойынша дөңгелек үстел өтті.
Әлеуметтік қызмет көрсетуге қол жетімділікті кеңейту мақсатында жұмыс істеп тұрған ірі интернат үйлерін қайта институционализациялау, аз толымдалған ұйымдардың желісін кеңейту, ұсынылатын қызметтер бөлігінің орнына ақшалай өтемақы енгізу, сонымен қоса жүйені ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету (2018-2021). Осы Тұжырымдама жүйені жаңғыртудың  осы кезеңіндегі негізгі басымдықтары мен тетіктерін айқындайды. Ол өткен кезеңдердегі түбегейлі өзгерту нәтижелерін және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытудың дүниежүзілік тенденцияларын ескерумен әзірленген. 
2017 жылғы 22 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік қызметкерлер форумы өтеді. Бұл форумның Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет ретіндегі дамуы үшін практикалық маңыздылығы бар оқиға бейнесін қалыптастырады. Нақты міндеттерді және адамның, қаланың, өңірдің проблемаларын шешу және әлеуметтік қызметкер имиджін көтеру мақсатында форумның пайдалылығы тұрғысында ерекше назар аудару ұсынылады. Секциялық отырыстарды өткізудің негізгі мақсаты – жекелеген тақырыптарды терең талқылау, тәжірибе алмасу, тиімді шешімдер шығару. 
 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі