Білім күні
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
08-09-2017 11:58
Білім күні
2017 жылдың 4 қыркүйегінде  «Семей қаласының Арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ-нің мамандары Білім күніне  арнап тақырыптық күн өткізді. 
Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балаларға білім күні туралы мағлұмат беру, қажетті оқу құралдармен таныстыру, рухани – адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, балаларға жақсы мерекелік көңіл күй сыйлау. Тақырыптық күн барысында Орталықтағы әр-бір топ білім күніне сай безендіріліп, слайдтар көрсетілді. «Әлем-бала көзімен» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге балардың өз қолымен салынған суреттері ілінді.  Балалар тәрбиешілердің көмегімен мүмкіндігінше тақпақ айтып, ән шырқап, би билеп, ойын ойнап өнерлерін ортаға салды. 
Біз мүмкіндігі шектеулі балаларға көбірек көңіл бөлуіміз керек. Олар үшін еш нарсе кедергісіз болуға тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз – деп атап өткім келеді.
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі