Үшжақты комиссиясының отырысы
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
08-09-2017 16:07
Үшжақты комиссиясының отырысы
2017 жылдың 7 қыркүйегінде қала әкімінің орынбасары Н. В. Шарованың төрағалығымен қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. 
Күн тәртібіне сәйкес еңбекақы бойынша берешектерін жою бойынша қабылданған шаралар туралы  «Таскара» ЖШС, «Родниковое» ЖШС, «ПОСЖБ» ЖШС, «Казэлектромонтаж - С» АҚ, АО «Гидропромстрой» АҚ кәсіпорындарының басшылары есеп берді.  
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік жарақат және кәсіби аурулардың алдын-алу бойынша Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы, «KSP STEEL» ЖШС «Барақат құрылыс» ЖШС және «ШҚ Ұн-құрама жем комбинаты» АҚ басшыларының  ақпараттары тыңдалды. 
Міндетті зейнетақылық төлемдер бойынша берешектерді төмендету бойынша атқарылған жұмыстар туралы мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары ақпарат берді. Сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсқа қатысуға 0ала кәсіпорындарының дайындығы туралы сұрақтар қарастырылды.
Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның жұмыс берушілер одағының құрамына өзгерістер енгізілді.
Қаралған мәселелер бойынша пікір алмасудан кейін мәселелерді шешу бойынша  нақтылы тапсырмалар берілді.
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі