Басы » Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім » Жаналықтар » Отбасы күніне арналған «Бақытты отбасы» атты мерекелік іс-шара өткізілді
Отбасы күніне арналған «Бақытты отбасы» атты мерекелік іс-шара өткізілді
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
14-09-2017 10:38
Отбасы күніне арналған  «Бақытты отбасы» атты мерекелік іс-шара өткізілді
«Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ- нің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 12 қыркүйегінде, Нұр  Отан партиясы облыстық ұйымының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» атты жоба аясында, Семей қаласының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясаты жөніндегі қалалық комиссиясының жылдық жоспарына сәйкес отбасы күніне арналған  «Бақытты отбасы» атты мерекелік іс-шара өткізілді.   
Мақсаты: қоғамның негізгі институты ретінде отбасының әлеуметтік нығаюы, отбасылық құндылықтарды насихаттау.
Мерекелік іс-шараға Семей қаласының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясаты жөніндегі қалалық комиссия мүшелері, Нұр Отан партиясының өкілдері, Орталықтың ата-аналары мен қызмет алушы балалар қатысты.
Алғашқы құттықтау сөз кезегі Семей қаласының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясаты жөніндегі қалалық комиссиясының төрайымы Н.В. Шароваға берілді.
Жыл сайын Орталықта дәстүрлі түрде «Отбасы күні» мерекесі өткізіліп тұрады. Биыл бұл мерекенің бағдарламасы Орталығымызда құрылған отбасылық жұптарды салтанатпен құрметтеуге бағытталған.  
Мереке барысында жастар өз өмірлеріндегі сәттіліктері мен қиын мәселелерін, қызықты естеліктері мен алға қойған жоспарларымен де таныстыра отыра, отбасылық үйдің моделін жасап, мықты отбасының негізгі құныдылықтарын таңдады, олар – сенім, жауапкершілік, сыйластық және әрине де – махаббат. 
Мерекеге келген қонақтарға  қызмет алушылардың жанұялық фотоларынан фото көрме ұйымдастырылды, қонақтарға арнап концерттік бағдарлама қойылды. Мерекелік іс-шараны қорытындылау сәті Орталықтың директоры Р.Т.Тынысоваға берілді. Ол барлық қонақтарды мерекемен құттықтап іс-шараға қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етті.
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі