Мүгедектер кунін атап өту
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
10-10-2017 10:20
Мүгедектер кунін атап өту
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен  қазан айының он күндігінде  мүгедектер күнін атап өту  дәстүрге айналған. Осы  іс –шараға байланысты  қазанның  2-сінен 6- сы аралығында  демеушілердің қолдауымен   қайырымдылық түскі ас берілді.  Бұл шараға  90-нан астам  қызмет алушылар қатысты. «Тұмар», «Ақ тілек»,      «Меркурий», «CAMEL» кафелері орталықтың  қызмет алушы  балаларын және 18-ден асқан  қызмет алушыларын құшақ жая қарсы алды. Мерекемен жылы қабылдау, жайлы,  әрі салтанатты  атмосфера құрды .
Қызмет алушылар мен  олардың ата-аналары  тәтті дәмге толған дастарқан мен шынайы көңілдеріне  ризашылықтарын білдірді.
Себебі  мүмкіндігі шектеулі  жандар үшін қоғамдағы  және жеке адамдардың көңіл бөлуімен қолдауын сезіну  маңызды рөл атқарады.
Мұндай  шаралардың өтуі  қайырымдылық пен ізгілік, адамгершілік пен парасаттылық  адам өміріндегі тіршілік көзі. 
 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі