Басы » Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім » Жаналықтар » 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
11-10-2017 11:44
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға  арналған мемлекеттік жәрдемақы
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бір түрі болып табылады. Балаларға арналған жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасыларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы мөлшерінен тағайындалады (2017 жылдың IV тоқсанында – 15573 теңге). Жәрдемақының мөлшері бір балаға – 2383 теңгені құрайды (1,05 айлық есептік көрсеткіш есебінен). 
Әкесі немесе анасы бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбек етуге қабілетті ата-анасы жұмыс істеген және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелген, күндізгі оқу бөлімінде оқыған жағдайда отбасына балаларға арналған жәрдемақы тағайындалады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі;
4) неке құру (некені бұзу) туралы куәлік, алименттер;
5) отбасының құрамы туралы мәлімет;
6) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;
7) отбасының тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (ХҚО);
8) балаға немесе бала асырап алушыға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжат;
9) жәрдемақыны төлеу бойынша уәкілетті ұйымдардан банк шоттарының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат.
Толық ақпарат алу үшін «Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  ММ, Қозыбағаров көшесі, 40 мекенжайы, № 205 кабинет бойынша келуіңізді сұраймыз. 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі