Жұмыспен қамту
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
12-10-2017 10:27
Жұмыспен қамту
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы өнімді жұмыспен қамтамасыз етудің пәрменді тетігі болып табылады, бұл бағдарлама аясында қала халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шаралары іске асырылады: жұмысқа орналастыру; уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту;  кәсіптік оқытуға жолдау; жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту, кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
2017 жылғы  12 қазанындағы жағдай  бойынша  13083  адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мәселесімен өтініш жасады. 6157 адамға жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар көрсетілді, оның ішінде нысаналы топқа кіретін  334 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа жіберілді. «Жастар тәжірибесі» кіші бағдарламасына  білім беру мекемелерінің 545 түлегі қатысты, ақылы қоғамдық жұмыстарға 387 жұмыссыз жіберілді. Кәсіби оқытудың қысқа мерзімді курстарына 1353 адам жолданды. 
Тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны 2336 адамды құрады. 
 
Семей қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі