Семей қаласы әкімінің

ресми web-сайты

  • Семей қаласының әкімі
    А. Кәрімов

    Семей қаласы әкімінің ресми web-сайтына қош келдіңіздер! Сайттан Семей қаласының тарихы, мәдени орталықтары, мемлекеттік құрылымдары, экономикасы, өнеркәсіп және басқа қажет ақпараттарды алып, жаңалықтармен танысып және электронды қызметтерді пайдалана аласыздар.  Толығырақ
  • Қаланың төлқұжаты

    Семей Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы метр.  Толығырақ
  • Қаланың көрікті жерлері

    Семей қаласының көз тартарлық жерлері болып тарихи-сәулет ескерткіштері саналады. 1. Бір мұнаралы мешіт - Шебер Ғабулла Эфенди, XIX ғ. 2-ші жарт. – қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Мешіт жұмыс істеп тұр.   Толығырақ
  • Қала тарихы

    Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, Петр 1 шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник П.Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп, бекітілді».   Толығырақ
  • Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы

    Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өнеркәсіпте қолданыстағы бағада өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 52,6 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 94,3% (2013 жылы – 56,1 млрд.теңге). Тау кен өнеркәсібінде өнім көлемі 5415,1 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңі деңгейінен 2,7%-ға жоғары, нақты көлем индексі – 87,7%.   Толығырақ
Мүмкіндігі шектеулі балалардың SPECIAL OLIMPICS, UNICEF халықаралық ұйымының спорттық-сауықтыру «Жас атлеттер» іс-шарасына қатысуы
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
30-04-2013 11:22
Мүмкіндігі шектеулі балалардың SPECIAL  OLIMPICS,  UNICEF халықаралық ұйымының спорттық-сауықтыру «Жас атлеттер» іс-шарасына қатысуы

 

2013 жылдың 24 сәуірінде Семей қаласында 2-ден 8 жасқа дейінгі «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де қызмет алатын аса мұқтаж балалары SPECIAL  OLIMPICS,  UNICEF халықаралық ұйымының  спорттық-сауықтыру «Жас атлеттер» іс-шарасына қатысты, ал ата-аналарға «Сау отбасы» форумы өткізілді.

Үшкүндік іс-шараның мақсаты:

· «Арнайы олимпиаданың жас атлеттері» халықаралық бағдарламасын қолдау жүйесіне мүмкіндігі шектеулі балаларды тарту, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың дене, танымдық және әлеуметтік дамуына ықпал ететін  дамыту ойын жаттығуларына қатыстыру;

· Айтылған бағдарлама бойынша қызмет алушылардың ата-аналарын әлеуметтік қызметтердің мамандарын және аймақтың басқа да қатысушыларын тарту ерекше балалардың жан-жақты қабілеттерін қоғамға таныстыру және түсіндіру деңгейін көтеру

2013 жылдың 25-26 сәуірінде «Арнайы олимпиаданың жас атлеттері» халықаралық бағдарламасының соңында қызмет алушылардың ата-аналары мен әлеуметтік қызметтердің мамандарына тренингтер өткізілді. Бағдарлама нәтижесі  қоғам мен отбасының өзара қарым-қатынасына әсер ететін Арнайы олимпиадасы бағдарламасына отбасын қолдауды енгізу болып табылады.

Арнайы олимпиададағы Біздің атлеттер дағдыларын, өзіне-өзі сенімділігін дамытып, сонымен қатар басқа да  жарыстарға қатысу дайындығын көтере алады.