Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » «Тіл шебері-2017» байқауы өтті
«Тіл шебері-2017» байқауы өтті
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
08-09-2017 10:45
«Тіл шебері-2017» байқауы өтті
Ағымдағы жылғы 6 қыркүйек күні Өскемен қаласында Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеуге орай  Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен жас мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық «Тіл шебері-2017» байқауы өтті. 
Байқаудың мақсаты- Қазақстан Республикасының тілдер саясатын жүзеге асыру, бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі дамыған тұлғаны қалыптастыру, үш тілді жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерге қолдау көрсету. 
Байқаудың бірінші кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілде ұлттық салт-дәстүр, тіл туралы сұрақтарға жауап беруі бағаланса, екінші кезеңде қазақ ұлтының айтулы тұлғалары, қазақ жері мен оның аймақтары туралы және тарихқа қатысты сұрақтарға орыс және ағылшын тілдерінде жауап беруі сыналды. Соңғы үшінші кезеңде байқауға қатысушылар үш тілде үш түрлі жаңылтпашты сүрінбей жатқа айтулары шарт болды.   
Байқауа нәтижесінде Семей қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы Байтабанов Мадияр Дәулетұлы Гран-При иегері атанды.  
Байқау жоғары деңгейде өткізіліп, қатысушыларға  мадақтамалар мен бағалы сыйлықтар табысталды. 
 
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі