Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » «Тіл шебері» қалалық байқауы
«Тіл шебері» қалалық байқауы
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
12-10-2017 10:54
«Тіл шебері» қалалық байқауы
2017  жылғы 11 қазан күні Балалар мен жастардың шығармашылық Сарайында Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жас мұғалімдер арасында «Тіл шебері» атты қалалық  байқауы өткізілді.
Байқау мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау.
Аталған байқауда қаламыздың орта мектептері мен балабақшаларынан   үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген 21-30 жас аралығындағы 21  үміткер білім және өнер сайысына түсті. Байқау шарттарына сәйкес үміткерлер «Тұсаукесер» (қазақ    халқының     салт - дәстүрі   жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру);  «Ұлттаным»  (қазақ  елі тарихы мен ұлы тұлғалар жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын  тілінде жауап беру); «Өнер алды-қызыл тіл»  -ел бірлігі мен халық достығы, қазақстандық патриотизмды насихаттайтын қара сөз, монолог, өлең, ән орындау сияқты  турлардан өтіп, өз білімдері мен өнерлерін көрсетті. 
Байқаудың қорытындысы бойынша№22 мектеп-лицейінің мұғалімі Қыдырбекова Бақытнұр Бас жүлдені, I орынды Төлеуқоңырова Жұпар (№15 ЖОББМ), II орынды Мамилина Әлия (№7 «Ақ бота» ясли- бақшасы), Төлеуғалиева Гүлмара (№ 10 ЖОББМ),  ІІІ орынды Шыңғыс Арайлым (№33 Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебі), Касенов Ержан (№13 ЖОББМ), Жекенова Жұлдыз (№ 29 ЖОББМ)  жеңіп алды. 
Жеңімпаздар қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
 
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі