Басы » ТКШ бөлімі » Жаналықтар » Қайта құру және Даму Еуропалық банкі (ҚҚДЕБ) жобаларын жүзеге асыру
Қайта құру және Даму Еуропалық банкі (ҚҚДЕБ) жобаларын жүзеге асыру
Автор: ТКШ бөлімі
04-04-2017 16:50
Қайта құру және Даму Еуропалық банкі (ҚҚДЕБ) жобаларын  жүзеге асыру
ҚҚДЕБ жобаларын жүзеге асыру үш бағытта жүргізіледі: 
Семей қаласының жылумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту. 
Семей қаласының сумен қамтамасыз ету және су қайтару жүйесін жаңғырту.
Семей қаласының көше жарықтандыруын жаңғырту. 
Семей қаласының жылумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту.
Қайта құру және Даму Еуропалық банкімен несиелік келісім-шарт 2015 жылғы 24 желтоқсанда жасалған. Қарыз алушы «Теплокоммунэнерго» МКК.
Осы Банк қаржысы есебінен жүзеге асыруға жоспарланған 8 жобаның:
1) келесілер бойынша ЖСҚ-на мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды: 
- 401-ОЖП кварталішілік жылу желілерін реконструкциялау;
- «Орталық» қазандығынан кварталішілік жылу желілерін реконструкциялау.
2) келесі жобаларға мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жоспарланған: Физкультурная көшесіндегі ЖҚ-нан диаметрін 352 м 530 м көтере отырып, Би Боранбай көшесіндегі ЖҚ-на дейінгі магистральды құбырды реконструкциялау – 526,3 млн. теңге; 518-ОЖП және кварталішілік жылу желілерін реконструкциялау – 1 577,8 млн.теңге; 507-ОЖП кварталішілік жылу желілерін реконструкциялау – 1 301,7 млн.теңге; 401-ОЖП реконструкциялау – 111,0 млн.теңге; 1-ЖЭО-нан 1 павильонға дейінгі магистральды жылу желісін реконструкциялау– 1 881,0 млн.теңге; 1-ЖЭО магистральды жылу желілерін 1-павильоннан 2-павильонға дейінгі учаскесін реконструкциялау– 2 020,0 млн.теңге.
Семей қаласының сумен қамтамасыз ету және су қайтару жүйесін жаңғырту.
Осы Банкпен несиелік келісім-шарт 2015 жылғы 24 желтоқсанда жасалған. Қарыз алушы «Семей Водоканал» МКК.ЖСҚ-мен және мемлекеттік сараптамасымен 25 жобаның, басымдығы жоғары санатындағы Банк қаржысы есебінен жүзеге асыруға жоспарланған сумен қамтамасыз ету және су қайтару желілерінің 7 жобасы тандалып алынған: Котельный көшесінен Пристанская көшесіне дейінгі су құбырын  реконструкциялау 0,451 км; Юность кентіндегі су құбырын реконструкциялау   4,193 км; Фрунзе көшесіндегі су құбырын реконструкциялау 0,435км; Дулатов көшесі бойынша Б. Момышұлы көшесінен Байсеитов көшесіне дейінгі су құбырын реконструкциялау 0,435 км; Западный кентіндегі 3-ші бұрылыстағы су құбырын Строительная көшесі бойынша байланыстыра отырып реконструкциялау 2,309 км.; 1500 мм диаметрлі 1-ші Загороднийдағы кәріздік коллектордың Докучаев көшесінен Нагорная көшесіне дейінгі учаскесін  реконструкциялау 0,668 км; «ВИБУП» КСС реконструкциялау;
Семей қаласының көше жарықтандыруын жаңғырту.
Банкпен 2016 жылғы 28 наурызда алғашқы келісім-шарт жасалды. Қарыз алушы «Семей» көркейту және көгалдандыру жөніндегі МКК. 
Бүгінгі күні «EnergyCenterBratislava» компаниясымен техникалық-экономкалық іздестіруді әзірлеу жүзеге асырылуда. ТЭІ әзірлеуді аяқтаудың болжанған мерзімі – 2017 жылдың сәуір айы. Несиелік Шартқа қол қоюдың жоспарланған мерзімі – 2017 жылдың шіолде айы. 
Қазіргі уақытта ТКШ бөлімімен ұзындығы 436,88 км, 5389 дана бағаны, 7382 жарық нүктесі бар 136 көше жарықтандыруы қамтамасыз етіледі. 
40 көше бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген.  
96 көше бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде, осы жұмыстармен жабдықтаушысы «ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің  «Еңбек» түзету мекемесінің шаруашылығын жүргізу құқығындағы  «Енбек-Семей» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы болып табылады. Жұмыстың аяқталу мерзімі – 2017 жылғы тамыз айы.