Басы » Ауыл шаруашылығы бөлімі » Жаналықтар » Субсидиялауға өтінімдер қабылданады
Субсидиялауға өтінімдер қабылданады
Автор: Ауыл шаруашылығы бөлімі
25-03-2016 09:53
Субсидиялауға өтінімдер қабылданады
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өніміділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»  2014 жылғы  19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына және «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығының  3-қосымшасына сәйкес «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды,
мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды
субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша өтінімдер қабылданады. 
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – ХҚО);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал); 
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыс кестесі:
1) ХҚКО-да – Кодекстің 96-бабына және Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-сенбі аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін. 
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электрондық» кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі. Электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 96-бабына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижені беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады); 
3) көрсетілетін қызметті берушіде – 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 96-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижені беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетiледi.
1. «ХҚО» РМК филиалының № 1 бөлімі. Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, 408 квартал, 21 үй, тел: 8 7222-335577,              8 7222-335522.
2. «ХҚО» РМК филиалының № 2 бөлімі. Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Б. Момышұлы, 22 үй тел: 87222-522637,       8 7222-526929.
3. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 8 үй, 314 кабинет, тел: 8 7222-522207.
Қағида мен стандарт қала әкімінің ресми cайты www.akimvko.gov.kz орналасқан.