Басы » Семей қаласының жер қатынастары бөлімі » Жаналықтар » Қазақстан Республикасының «Жайлымдар туралы» заңына түсінік беру
Қазақстан Республикасының «Жайлымдар туралы» заңына түсінік беру
Автор: Семей қаласының жер қатынастары бөлімі
10-05-2017 15:40
Қазақстан Республикасының «Жайлымдар туралы» заңына түсінік беру
2017 жылы 20 ақпанда жайылымдарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуіне  бағытталған, олардың жай-күйін және инфрақұрылымдарын жақсарту, жайылымдардың нашарлау процестерін болдырмау мақсатында мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Жайлымдар туралы» заңына қол қойды.
Заңда жайылым пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері сондай-ақ жерді беру шарттары және жайылымды пайдалану қарастырылған. Ауылшаруашылық жануарларын ұстау, сондай-ақ объектілерінің жай-күйін және инфрақұрылымдарын жақсарту, жайылымдардың нашарлау процестерін болдырмау мақсатында жайылымдық алқаптарды халықтың қажеттілігі үшін қамтамасыз ету үшін жағдайлар  жасау жоспарланып түсіндірілген. 
Сонымен қатар, жайылымдық жерлерді беру және пайдалану бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін нақтылау өзгеріске ұшырады. Бұл жағдайда жайылымдарды басқару мен оларды пайдалану бойынша жоспарды аудандық (қалалық) әкімдіктің ұсынысы бойынша тиісті деңгейдегі мәслихат бекітетін болады. 
Жоспарды әзірлеуге жайылым пайдаланушылар және жергілікті атқарушы органдар қатысатын болады.
Осы жоспарлардың көмегімен жайылымдардың көлемі, олардың өнімділігі,  мал басы саны, пайдаланылмаған жайылымдар көлемі анықталатын болады.
 
Жер қатынастары бөлімі