Басы » Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі » Жаналықтар » Көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару
Көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару
Автор: Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі
15-03-2017 15:03
Көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ  2017 жылғы   03 наурызда  «Шульба кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  мәдениет үйінде  көп  пәтерлі тұрғын үйлердің  үй-жай (пәтер) иелерімен «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару» атты   тақырыпқа  кездесу ұйымдастырды.
Кездесуді Шульба кентінің әкімі Кенжебай Ақанұлы Байғұжинов  ашты. 
Көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарымен және тұрғындармен кездесу  кезінде келесі сұрақтар көтерілді: кондоминиум объектілерін тіркеу тәртібі, КПТҮ басқару органдарының міндеттері, үй-жай (пәтер) иелерінің кондоминиумдегі т.б құқықтары түсіндірілді. 
Қойылған сұрақтарға «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ  басшысы жауап берді.
 
Тұрғын үй инспекциясы бөлімі