Басы » Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі » Жаналықтар » 2017 жылдың 1 тоқсанына тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылау жүргізу туралы ақпарат
2017 жылдың 1 тоқсанына тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылау жүргізу туралы ақпарат
Автор: Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі
10-04-2017 10:21
2017 жылдың 1 тоқсанына тұрғын үй қоры саласында  мемлекеттік бақылау жүргізу туралы ақпарат
«ШҚО Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-І «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес тексеру жүргізу арқылы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. 
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асады.  
2017 жылдың  1 тоқсанына Бөліммен 38 тексеру жүргізілді:
1. Іріктеп тексеру -4.
2. Жоспардан тыс тексеру- 34.
3. Табылған кемшіліктерді жою үшін берілген  ұйғарымдар -11.
4. Әкімшілік  жауапкершілікке тартылғаны -1, («Сатпаева , 87» ПИК) көп пәтерлі тұрғын үйлердің басқару органдарының ҚР әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі  Кодексінің 320 бабы, 6 тар. бойынша (кондоминиум объектісінің басқару органының  тұрғындар алдында тоқсан сайын берілетін есебінің мерзімінің бұзылуы).
Сонымен қатар,  2 көп пәтерлі тұрғын үйлердің басқару органдарына («Пушкина , 100» ШПИК, «Куншуак » ШПИК) қатысты ШҚО аудан аралық экономикалық сотына шағым арыздар берілді. 
 
Тұрғын үй инспекциясы бөлімі