Басы » Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі » Жаналықтар » Тұрғын үй-жайларын техникалық қарау жүйесі
Тұрғын үй-жайларын техникалық қарау жүйесі
Автор: Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі
14-04-2017 09:58
Тұрғын үй-жайларын техникалық қарау  жүйесі
«ШҚО Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі  тұрғын үйлерді басқару органдарына және пәтер иелеріне үй-жайлардың  көктемгі техникалық қарау Актісі формасын мәлімет үшін жеткізеді. 
Тұрғын үй қорын техникалық пайдалану Ережесімен (10.2. т) жылына екі рет тұрғын үйді қарау ережесі анықталған: көтемдік және күздік (жылу беру мерзімі басталғанға дейін). Қараудың негізгі мақсаты  кемшіліктерді, ақауларды жою және оларды қалпына келтіру үшін шаралар қабылдау. Тексерудің қорытындысы бойынша Ереждегі бекітілген форма бойынша акт құрылады. 
Қарау актісінің  негізінде тұрғын үйлердегі атқарылатын  іс-шаралар тізбесі және келесі қыс мерзіміне үй-жайлардың дайындығы, инженерлік қондырғылардың, құбырлардың жағдайы, ағымдағы жөндеу  жұмыстарының көлемі, сонымен қатар күрделі  жөндеуді қажет ететін жұмыстар тізбесі құрастырылады. 
Тұрғын үй инспекциясының мамандары тұрғын үй қоры саласында бақылау жүргізу кезінде Тексеру қағазының 7 тармағына сәйкес кондоминиум объектісінің инженерлік қондырғыларының және конструкциялардың техникалық жағдайына жоспарлы тексеру жүргізу туралы растайтын құжаттардың барын  тексереді. 
 
 
Тұрғын үй инспекциясы бөлімі