Басы » Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі » Жаналықтар » Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау кіммен және қалай жүзеге асады
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау кіммен және қалай жүзеге асады
Автор: Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі
27-04-2017 16:33
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін  күтіп-ұстау кіммен   және қалай жүзеге асады
Тұрғын үй қатынастары аясындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тұрғын үйлерді қамтамасыз ету және басқару бір ғана  пәтер иелері кооперативімен (ПИК, ТПИК, ТК) басқарылады  деп қалыптасқан қағидадан бүгінгі таңда кету  керек. 
ПИК кондоминиум объектісінің  басқару органы болғандықтан ғана өзіне тиісті емес мердігерлік функцияны атқаруға тиісті емес.
Кондоминиум объектісін  басқару  бойынша құзыреттерінің көлемі және мерзімі үй-жай  (пәтер ) иелерінің жеке және заңды тұлғаларға беруі кондоминиум объектісін басқару шартының үлгі нысанын бекіту туралы уәкілетті органмен бекітілген (Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 242 бұйрығы «Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгі нысанын бекіту туралы») тиіптік  формасымен анықталады.       Ғимараттарды, үй-жайларды жөндеу, қамтамасыз ету, пайдалану жұмыстарын мамандандырылған қамтамасыз ететін ұйымдар, сервистік қызмет субъектілер айналысуға міндетті. 
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының    2 бабы, 15 тармағына сәйкес кондоминиум объектісін  ұстау сервистік қызмет субъектілерімен  және кондоминиум объектісін  басқару органдары арасында  шарт жасасу  арқылы  жүзеге асады.  
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін  ұстау сервистік қызмет субъектілерімен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес жүзеге асады. 
Кондоминиум объектісін  басқару органы мен  сервистік қызмет субъектісінің арасында шарт жасалған кезде көрсетілетін қызметтердің тізбесіне мынандай жұмыстар  қамтылады: 
 

 

Басқару  органдарының  функциялары

Сервистік ұйымдардың функциялары

Кондоминиум объектісін  басқару органы  Заңның 42 бабы, 2-1 тармағына сәйкес келесі функцияларды жүзеге асыруға тиіс:

1) үй-жайлардың  (пәтерлердің ) меншік иелері жиналысының өткізілуін, жазбаша сауалнама  жүргізілуін  ұйымдастыруды;

2)   үй-жайлардың  (пәтерлердің ) меншік иелері жиналысының хаттамаларын және жазбаша сауалнама  жүргізу кезіндегі дауыс беру парақшаларын  ресімдеуді;

2-1) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік  иелерінің  жалпы жиналысында бұрын қабалданған шешімдер туралы ақпаратты үй-жайлардың  (пәтерлердің ) меншік иелерінің  назарына жазбаша түрде жеткізуді;

3) үй-жайлардың  (пәтерлердің ) меншік иелерінің жиналысы  шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруды;

4) сервистік қызмет субъектісімен шарттар жасасуды және олардың  орындалуын бақылауды;

5)  кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі мәселелері бойынша   үй-жайлардың  (пәтерлердің ) меншік иелерінің мүдделерін білдіруді;

6) Қазақстан Республикасының  заңнамасында айқындалған  өзге де  функцияларды  жүзеге асырады.  

1) кондоминиум объектісінің констркуциялары мен инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйін жоспарлы, жоспардан тыс тексеріп қарау (газ, лифт жабдықтары мен қоқыс жинағыштарды қоспағанда, оларға тиісті  ұйымдармен жеке шарттар жасалады);

2) қоқыс жинағыштарды, үй маңындағы аумақтарды санитариялық тазарту, қоқысты әктеу (кәрізі жоқ үйлерде – ауладағы дәретхананың қазылған шұңқырларын тазарту, жинау және әктеу);

         3) көгалдандыру;

         4) жертөлелік үй-жайлар мен ортақ пайдаланылатын басқа да орындарды дезинфекциялау, дератизациялау, дезинсекциялау;

         5) көктемгі-жазғы және қысқы маусымдарға  дайындық;

         6) аварияларды жою;

         7) желдеткіш арналары мен түтіндіктерді тазарту;    

         8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін  ағымдағы жөндеу;

         9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін  күрделі жөндеу;

         10) ортақ пайдаланылатын орындарда орталық жылыту, сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, желдету жүйелеріне қызмет көрсету.

Тұрғын үй  инспекциясы бөлімі