Басы » Семей қаласының ветеринария бөлімі » Жаңалықтар » Бруцеллез – аса қауіпті ауру
Бруцеллез – аса қауіпті ауру
Автор: Семей қаласының ветеринария бөлімі
12-10-2017 14:26
Бруцеллез – аса қауіпті ауру
Бруцеллез — аса қауіпті жұқпалы ауру, науқастың буын - сүйектерін, жүйке және жыныс мүшелерін зақымдайды. Бруцеллез  — малдарға да, адамдарға да ортақ, дүние жүзінде көп тараған аурулардың бірі. Көбінесе сиыр, қой, ешкі, шошқа ауырады. Ауру адамға сүт өнімдерінен және малды баптап күткен кезде жұғады.  
Бруцеллез ауруын тудырушы — ұсақ қоздырғыштар. Малдың сүті, сілекейі, зәрі арқылы бөлініп шығады.              
Бруцеллез - ауруы малдан адамға жұққыш қауіпті кеселдің бірі. Бруцеллез қоздырғышы бар, оны «бруцелла» дейді. Бруцеллез ауырған қойдан, ешкіден және сиыр мен шошқадан жұғады. Қоздырғыш сыртқы ортада, ауырған малдың етінде, сүтінде, сүттен жасалған құрт, сүзбе, ірімшік секілді тағамдарда он, кейде отыз-қырық күнге дейін өмір сүреді. Ауру малдар қонысында, қыстағында, су ішкен өзен-көлінде, тіпті шіри бастаған ауру малдың өлексесінде бір айдан төрт айға дейін тірі қоздырғышты кездестіруге болады.
Қой мен ешкі бруцеллез ауруымен  жиі ауырады. Сондықтан олардың зәрі, тезегі, қиы және тағы басқалары арқылы оны бағатын немесе етін жеп, сүтін ішкен адамдарға жұғады. Ауру мал төлдегенде (бұзаулағанда, қоздағанда, лақтағанда) күніне жетпей іш (төл) тастағанда, төлдің денесінде, малдың шуында, қағанағында да қоздырғыш болады. Бұл өте бір қауіпті кезең. Шала-жансар туған және іш тастаған, өлген төл бруцеллездің қоймасы. Өлексені ұстаған адам және оның етін жеген хайуанат көбінесе жазғытұрым жұқтырады. Бұл малдың төлдейтін маусымы.
Бруцеллез қоздырғышы тері және шырыш қабығы арқылы ағзаға енген соң, бездерді паналап, әрі қарай қанға ауысады. Қанмен бауыр, көкбауыр, сүйек миы, бездерде орнығады. Осында екінші жұқпалы ошақтарға айналады, содан созылмалы ауруды тудырады. Аурудың өрбуінен бруцеллез қоздырғышы буын - сүйек жүйесін, жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды. Сүйек, буын қақсап ауырады. Созылмалы бруцеллез көбінесе мал шаруашылығында жұмыс істейтіндерде кездеседі, олар алғашқы белгілеріне мән бермей, жеңіл-желпі емделіп, содан бірінші созылмалы түріне айналады.
Аурудың алдын алуға болады
Малдәрігерлері ауру деп тапқан мал басы дереу оқшауланып, бөлек жеке ұсталынуы, олар арнайы күтімді тілейді, мұндайда малшылар да сақтық шарасын мұқият орындауы керек
Бруцеллезден сақтану үшін мал бағушылар аурудың жұғатын жолдарын білуі шарт. Ауырған малды күтушілер сақтық шарасын мұқият орындауы тиіс. Малдың қорасын, олардың төңірегін тазалауға керекті құрал-саймандарды, мал суарылатын астауларды  малдәрігерінің  нұсқауы бойынша зарарсыздандырып отыру, сол жерде жұмыс атқаратын адамдар денсаулығын тексертіп тұруы керек. Егер аурудың жұққаны сезіле қалса, айыққанша емделуі тиіс.
Жануарлар күтіміне байланысты барлық жұмыстарды, әсіресе төлдеу науқанында арнайы қорғаныш киімдерін (арнайыкиім, аяқкиім, қолғап) кию мен жүргізу, бруцеллез ауруының алдын алу жәнежеке бас гигиенасы ережелерін сақтау;
Тағам ретінде сапалы термиялық өңдеуден өткен ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін қолдану;
Ветеринарлық анықтамасыз сүт және сүт өнімдерін бейберекет сауда орындарынан ешқашан сатып алмау;
Сүт өнімдерін тек қайнатып ішу
Малды жайлауға шығарар алдында міндетті түрде бруцеллезге тексерту.
Сондықтан бұл аурудыңалдын алу мақсатында мына шараларды ұйымдастыруды  ұсынамын:
Малды тек бруцеллезге  қолайлы  шаруашылықтан алу.  
30 күндік карантинге қойып,бруцеллезге тексеріп, нәтижесі теріс болған жағдайда ғана табынға қосу, бруцеллезге диагностикалық  тексеруді  жылына екі рет жүргізу керек;
Бруцеллез белгісі   бар малды тез оқшаулап, орнын дезинфекциялайды;
Алдын – алу мақсатында вакциндеу жүргізу қажет;
Ауру емделмейтін болғандықтан етке тапсыру керек.
Ауру шыққанда шарушылықтың тартатын қаржылық шығындарын ескерсек, бруцеллез ауруын болдырмай  алдын – алған экономикалық жағынан тиімді, әрі жануар мен қоса адам да ауыратынын ескерсек алдын-алған денсаулықтың кепілі болады дегім келеді.
 
Ветеринария бөлімі