Абайлаңыз - құс тұмауы
Автор: Семей қаласының ветеринария бөлімі
12-10-2017 14:29
Абайлаңыз - құс тұмауы
Құс тұмауы – бұл құстардың жұқпалы ауруы, А тұмау вирусымен шақырылатын. Бұл ауру алғаш рет испанияда жузден астам жыл бұрын аңықталды және қазір барлық жерде кездеседі. Құс тұмауы вирусының табиғи ошағы қоныс аударып суда жүзетін құстар болып табылады, жиі байқалатын жабайы үйректер. Атап айтқанда осы құстар ауруға ең аз бейім келеді. Құс тұмауы үй құстарында келесідей ағымда өтеді: олар түшкіріп, жөтеле бастайды, іш өтуі басталады, содан кейін айдары көгеріп, көп ұзамай құс өледі. Бірақ тұтастай алғанда, “құс” тұмауы клиникасы жіті қарапайым респираторлық : тұмау, жөтел, тамақтың жыбырлауы, дене қызуының көтерілуі сияқты ауруларға ұқсас келеді. Бұл ауруды тек зертханалық зерттеулер арқылы аңықтауға болады. 
Уақыт өте келе, көп адамдар жұқтырған болса, онда онда ықтималдығы артады, осы адамдар, егер олар бір мезгіде адам тұмауы және құс тұмауы штаммын жұқтырса, онда ол “араластырғыш ыдыс” болып, адам гендері жеткілікті мөлшерде бар вирустың жаңа штаммы түрлері пайда болып, адамнан адамға жұғады. Егер мұндай оқиға орын алса пандемия болуы мүмкін (дүниежүзілік індет). Адам тұмауына қарсы осы уақытта қолданылатын вакцинамен егу тиімді, осылайша адамдардың бір мезгілде құс тұмауымен жұқтыру ықтималдығын азайтады, және гендерінің алмасу тәуекелін азайтады. Әлем ғалымдарының ең маңызды міндеттері мыналар болып табылады:
1. құстар арасында құс тұмауы індетін болдырмау;
2. адам және құстар үшін, қаүіпті вирусқа вакцина жасау.
Айтылғандай, құс тұмауы қоныс аударатын, соның ішінде суда жүзетін құстардан тарайды. Олар ешқандай белгісіз және түрлі көріністерсіз аурады.
Олардың организмінде вирус шексіз сақталады. Басқа да ауру таратушылар – экзотикалық құстар. Сондықтан теңіз тотықұстарын сау екендігін растайтын ветеринариялық құжатсыз сатып алу ұсынылмайды. Құс тұмауын жұқтырмас үшін сізге қажет:
1. тұмауға қарсы егілу;
2. құстарға қолдан тамақ бермеу;
3. құс еті нашар пісірілген немесе қуырылған және құрамында шикі жұмыртқа қосылған тағамдардан абай болу;
4. құс өнімдерін арнайы сауда орындарында, супермаркеттерден ғана алу керек.
Көбінесе вирус тірі құстардан жұғады. Бірақ аурудың көзі тауық және үйрек жұмыртқаларында, сондай – ақ мұздатылған ұшада болуы мүмкін. Осы вирустан ауырып өлген құс, сауда сөрелерінде болуы мүмкін емес. Ал егер құс енді ауыра бастаса, ауру белгілері көрінбесе, құста вирустар енді көбейіп жатса, онда оны ауру екенін айыра алмайсын. Әдетте, төмен температурада тұрмыстық тоңазытқыштың камерасында консервілейді, яғни 0С температурадан 4С температура аралығында консервіленіді, сондықтан вирус өте ұзақ үақыт сақталады. Сондықтан дайындау кезінде сіз ерекше сақтық көрсетуге тиіссіз:
1. ет тағамдарын пісіру кезінде бетінізді тигізуге болмайды, әсіресе мұрынмен үйкеуге болмайды;
2. ұшаны бөлгеннен кейін бірден ет турағыш пышақ пен тақтаны залалсыздандыру керек, Оларды жуу жеткілікті, бірақ қазіргі заманғы кез келген тұрмыстық химия құралдарын қолдану арқылы;
3. вирустың басты жауы – температура.
Термиялық өндеуден кейін кез келген әлеуетті қауіпті тағам мүлдем залалсыз болады. Вирус ауа температурасы 70С және одан жоғары болғанда өзінің белсенділігін және індеттілігін жоғалтады. Мысалы, тауық етін бір сағат, ал жұмыртқаны 10 минут қайнату керек.
1.қан ұйығы бар жұмыртқаны тағамға қолдануға болмайды;
2.иммунитеті төмен адамдар, вирусқа төзімсіз келеді, сондықтан дәрігерлер қарапайым тұмаудан егілуге кеңес береді;
3.егілуден бөлек вирусқа қарсы және иммунитет көтеретін дәрілер қабылдауға болады. Қандай дәрілер керек екенін дәрігер шешеді.
 
 
Ветеринария бөлімі