Басы » Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі » Жаңалықтар » «Өзімізді туберкулезден қорғайық» акциялары
«Өзімізді туберкулезден қорғайық» акциялары
Автор: Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі
15-03-2017 11:54
«Өзімізді туберкулезден қорғайық» акциялары
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2017 жылдың 24 ақпанынан 24 наурыз аралығында Семей қаласында жыл сайын 24 наурызда атап өтілетін Дүниежүзілік туберкулезбен күрес Күніне орайластырылған туберкулездің алдын алу бойынша айлық өткізілуде. Осы айлықтың аясында 2017 жылдың 14-ші наурызында салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығы Семей қаласында «Өзімізді туберкулезден қорғайық» атты акцияны ұйымдастырды және өткізді.
Акцияны өткізудің мақсаты: тұрғындарды туберкулездің алғашқы белгілері, сондай-ақ шылым шегудің денсаулыққа жойқын әсері туралы; қоғамның никотиннің зияны туралы ақпараттар арқылы назарын аудару, шылым шегушілерге «бүгін шылымды тастауға!» түрткі болу, тұрғындарды шылым шегуді төмендетуге, салауатты өмір салтына тартуға бағытталған әрекеттерге жұмылдыру.
Қазіргі кезде шылым шегудің себебінен 25-тен аса ауру белгілі болды, олардың арасында жүрек-қан тамырлары, онкологиялық аурулар, бронх-өкпелік, және оның ішінде туберкулез көш бастауда.
Акцияға қатысқандар: Кабдулхакова Наталья Викторовна – аумақтық туберкулезге қарсы диспансерінің фтизиатр-дәрігері, №6 аралас үлгідегі емхананың медициналық қызметкерлері, медициналық университеттің 5 курс студенттері. 
Темір жол вокзалында акция өткізу кезінде кеңес беру үстелі қойылды, мұнда дәрігер-фтизиатр барлық тілек білдірушілерге туберкулездің алғашқы белгілері, уақытында емделудің тиімділігі, алдын алу іс-шаралары, ұтымды тамақтану және физикалық белсенділік туралы әңгімелеп берді. 
Медициналық университеттің студенттері темір жол вокзалына келушілерге өздерінің шылымдарын кәмпиттерге айырбастауды ұсынды.
Акция көңілді және қызу өтті. Көп адамдар өздерінің 5-тен аса шылымдарын бір шоколад батончигіне айырбастады. Әрине, кейбір «шылымқорлар» өз шылымдарын айырбастауға аяныш танытты. Алайда біз осы күні біреулердің өз денсаулығы туралы ойланғанын және уақыт өте келе шылым шегуді тастайтынына сенім білдіреміз.
Акция бір сағаттан аса созылды, және осы уақытта оған көп адамдар қатысуға мүмкіндік алды. Барлығы 1,5 килограмм кәмпиттер айырбасталды, ал жиналған шылымдардың саны 121 дана болды. Акцияда 3 батыл қатысушы оп-оңай бүтіндей қораптарынан бас тартты, бұл бізді өте қуантты. Акцияның аяғында СӨС Орталығының мамандары «Зиянды әдеттер қош болыңдар, армысың салауатты өмір салты!!!» деген сөздермен айырбасталған шылымдарды аяусыз сындырып жойды. Акция жүргізу кезінде сондай-ақ ақпараттық-білімдік материалдар таратылып берілді.
 
Семей қаласының салауатты өмір салтын
қалыптастыру мәселелерінің орталығы