Дүниежүзілік жүрек күні
Автор: Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі
21-09-2017 15:21
Дүниежүзілік жүрек күні
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы  Семей қаласында 20-29 қыркүйек аралығында Дүниежүзілік жүрек күніне ұштастырылған қанайналымы жүйесінің ауруларының алдын алу бойынша онкүндік өткізіледі.
Мақсаты: халықтың дұрыс мінез-құлық түрін таңдау мен қолдауға қатысты жігерін күшейту, дұрыс таңдауды қамтамасыз ету мен жүрек-қантамыр ауруларының ауырпашылығын төмендетуге оңтайлы ортаны құру бойынша ақпараттық науқанды өткізу, қанайналымы жүйесі ауруларын ерте анықтау мен оның асқынуының алдын алуға скринингтік тексеруден уақытында өту қажеттілігі туралы жұртты ақпараттандыру; өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін арттыру, жұмыс берушілердің, бизнес құрылымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, ҮЕҰ мен т.б. қанайналымы жүйесі ауруларынан туатын мәселелердің өзектілігіне және қанайналымы жүйесі ауруларының алдын ала отырып мәселелерді шешуге бірлескен күшті жұмылдыруға жауапкершіліктерін арттыру Инфекциялық емес аурулар (бұдан әрі - ИЕА) әлемде және Қазақстан Республикасында өлім-жітім, аурушаңдылық пен мүгедектіктің басты себебі болып табылады. ИЕА-ның негізгі төрт категориясы – жүрек-қантамыр ауруы, обыр, созылмалы обструктивтік өкпе ауру мен қант диабетіне ауру мен мезгілсіз өлім-жітімнің ауыртпашылығының жартысы тиесілі.
Қазақстан Республикасында 2016 жылы ҚАЖА-дан өлім-жітім жүректің ишемиялық ауруы мен инсульттен болатын өлім-жітімнің артуының салдарынан 100 мың адамға шаққанда  179,8-ді құрады. ДДҰ-ның елдегі есебінің мәліметтеріне сәйкес (2016 ж.) Қазақстанда мидағы қанайналымының бұзылуына байланысты аурушаңдылықтың жалпы деңгейі 1000 адамған шаққанда 3,7 және аурушаңдылық құрылымында 52%-ы жіті инсультке тиесілі. Инсульттан болатын өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға 1,08, ол жалпы өлім-жітім құрылымының 26%-ын құрайды. Инсульт – елдегі еңбекке қабілеттілікті ұзақ уақытқа жоғалтудың ең жиі кездесетін себебі, оның салдарынан 100 000 халыққа  шаққанда 104,6 адам зардап шегеді.
Ұлттық скринингтік бағдарламаның шеңберінде Республика бойынша 2016 жылы ұанайналымы жүйесі ауруларын анықтау үшін тексеруге жататын (1 450 971 адамнан) нысаналы топтағы  1 458 506  адам тексеріп-қараумен қамтылып, 100,5% (2015 жылғы осы кездегі 100,5%) құраған. 106 129 адам анықталды – ҚАЖА ауыратындар 7,3% (2015 жылы 7,4%). Анықталған науқастардың ішінен «Д» есепке 100 333 адам алынды – 94,5% (2015 ж. – 94,3%).
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Пилотттық жоба шеңберінде созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқарудың кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 11 тамыздағы  №601  бұйрығын іске асыру мақсатында пилоттық тәртіпте Ауруларды басқару бағдарламасына Алматы, ақтөбе, Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында енгізілді, 2017 жылдың екінші жартыжылдығында Ақмола, Атырау, Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан облыстарында енгізіледі.
Ауруларды басқару бағдарламасы созылмалы аурулармен ауыратын пациенттердің өмірінің сапасы мен ұзақтығын арттыру үшін АМСК-ны жетілдіру мен дамыту болып табылады, ол пациенттерге созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқаруға және мультитәртіпті командалардың пациенттермен үнемі байланысын бекітк арқылы аурудың асықынуының алдын алуға, өзіне-өзі көмектесу дағдыларын үйретуге, сонымен қатар денсаулыққа қауіпті әсер ететін қауіпті факторларды бақылауға мүмкіндік береді. 
Халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру мен дамыту жұмыс беруші мен қызметкерлердің ортақ жауапкершілігін арттыру мақсатында жүрек-қанатамырлар жүйесі ауруларының алдын алу мен қадағалау бойынша шараларды жетілдіру үшін сектораралық өзара іс-қимылды күшейтуге ықпал ететінін атап өту қажет.
 
Семей қаласының салауатты өмір салтын 
қалыптастыру орталығы