Басы » Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі » Жаңалықтар » Респираторлық вирустық инфекция, тұмау мен пневмококктық инфекцияның алдын алу бойынша айлық өткізу тұжырымдамасы
Респираторлық вирустық инфекция, тұмау мен пневмококктық инфекцияның алдын алу бойынша айлық өткізу тұжырымдамасы
Автор: Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі
02-10-2017 14:57
Респираторлық вирустық инфекция, тұмау мен пневмококктық инфекцияның алдын алу бойынша айлық өткізу тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы    № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын, Семей қаласында 2017 жылғы 1 қазаннан 1 қарашаға дейін респираторлық вирустық инфекция, тұмау мен пневмококктық инфекцияның алдын алу бойынша айлық өткізіледі.
Айлық өткізу мақсаты: барлық халықтың, әсіресе ауыру қаупі жоғары тұлғалар арасында, оның ішінде емшектегі, ерте жастағы, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың ата-аналары арасында уақытында вакцинациялаудың қажеттілігі туралы ақпарат алуды, сондай-ақ иммундық профилактика жөнінде қоғамдық бірлестіктер мен діни конфессиялармен ынтымақтастықты арттыру.
Тұмау – ол барлық жерге таралған өте жұқпалы вирусты инфекция. 2017 жылдың 8 айында Семей қаласында тұмаудың 24 жағдайы тіркелген, қарқынды көрсеткіш - 6,9. 2016 жылдың ұқсас кезеңінде – 3 жағдай, қарқынды көрсеткіш - 0,8, тұмаумен аурушаңдық 7,9 есеге өскені байқалады.
Көп жылғы деректер бойынша тұмаумен аурушаңдықтың көтерілуі желтоқсанның ортасына, аурушаңдықтың ең жоғарғы деңгейі 2018 жылдың қаңтар айының аяғына және ақпан айының басына келеді. Тұмаудың қоздырғыштары үлкен агрессиялығымен, ерекше жоғары жылдамдықпен көбеюімен ерекшеленетін А және В вирустары. Болжам бойынша 2017-2018 эпидемиялық маусымда, алдыңғы маусымдардағы сияқты халық арасында тұмаудың А түрі тобының вирусының белсенділігімен,  A(H1N1), A(H3N2) түрінің тармақтары және В түрінің белсенді айналып жүруімен болжанады.
Халықтың тұмауға шалдыққыштығы өте жоғары.
Инфекцияның көзі болып аурудың аса жұғатын алғашқы үш-бес күн ішінде ауру адам есептеледі. Тұмаудың жаппай таралуына өкпесі және қажалған түрімен ауыратындар ықпал етеді. Жөтелген, түшкірген және сөйлеген кезде вирус тыныс жолдарынан жалқықтың түйіршіктерімен бірге ауру адамнан бірнеше метрге шашырай алады. Ауалы ортада оның өміршеңдігі бірнеше сағатқа сақталады. Сондай-ақ инфекция үй тұрмысы заттары, емізіктер, ойыншықтар, киім-кешектер арқылы да берілуі мүмкін.
Тұмаудың өзіндік белгілері:
-бірнеше сағат ішінде дене қызуының 38-40 С дейін күрт көтерілуі, қалтырау;
-қалжырағандық сезімі;
-бұлшық еттің, буынның, іштің, көз алмаларының ауыруы, жастың ағуы;
-әлсіздік, сырқаттанып қалу.
Тұмау өзінің асқынуларымен өте қауіпті: өкпе қабынуы, бронх қабынуы, құлақтың қабынуы, қойнаудың қабынуы, ринит, трахеит, миокардит, жүрекқаптың қабынуы, миқұрт, невралгиялар. Нақты өкпе қабынуы тұмау кезінде көбінесе өліммен аяқталудың себебі болып отыр. Тұмау созылмалы аурулардың шиеленесуімен жиі қатар жүреді. Тұмаудың алдын алуда ерекше негізгі шара вакциналау болып табылады, ол тұмауға қарсы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылған тұмау вирустары штаммларын құрайтын тиімді вакцинамен жүргізіледі.
Вакциналау халықтың барлық тобына ұсынылады, әсіресе тәуекелдік топтары контингентіне:
-6 айдан бастап балаларға;
-әлсіреген және жиі ауыратын балаларға;
-созылмалы аурулардан зардап шеккен жасы ұлғайған адамдарға;
-медициналық қызметкерлерге;
-2-ші – 3-ші триместр кезіндегі жүкті әйелдерге;
-оқытушыларға;
-студенттерге;
-қызмет көрсету және көлік саласының қызметкерлеріне.
Тұмауға қарсы вакциналауды жүргізудің тиімді уақыты – 1-ші қазаннан бастап 1-ші қарашаның кезеңі.
Семей қаласында тұмауға қарсы егуді ақылы негізде келесі медициналық мекемелерде өтуге болады:
«Гармония» Отбасылық емхана мекемесі, Достоевский көшесі, №97 мекенжайы бойынша: байланыс телефондары: 56-99-08; 
«Вита» мекемесі, 343 квартал, №10 үй, телефон 53-03-68;
«Хаким» ЖШС емханасы мекемесі, №1 Кабельді шолақ көшесі, байланыс телефоны: 30-94-43:
ШЖҚ «№2 емхана» КМК, Байтұрсынов көшесі №27 үй, байланыс телефоны: 77-01-36.
Тұмаумен аурушаңдықтың көтерілуі кезеңінде келесі алдын алу шараларын сақтауды ұсынамыз:
Аурудың белгілері бар адамдармен қатынасудан аулақ болыңыз;
Адамдардың жаппай жиналған жерінде және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқартыңыз;
Қолдарыңызды үнемі және мұқият сабынмен жуыңыз;
Бөлмеде ылғалды тазалауды, желдетуді және ауаны ылғалдауды жүргізіңіз;
Салауатты өмір салтын ұстаныңыз (толық бағалы ұйқы, үйлестірілген тағам, физикалық белсенділік).
Тыныс алу вирустарына, оның ішінде тұмау вирусына ағзаның тұрақтылығын жоғарылату мақсатында иммунитетті көтеретін әртүрлі дәрі-дәрмектерді және құралдарды пайдалануға болады.
Егер Сіз тұмаумен ауырып қалсаңыз не істеу керек?
Үйде қалыңыз және дереу дәрігерге көрініңіз.
Тұмау кезінде өзін-өзі емдеуге жол берілмейді, Сіздің жағдайыңыз бен жасыңызға сәйкес диагноз қоюды және қажетті дәрілерді жазып беруді тек дәрігер істеуі керек.
Емдеуші дәрігердің барлық ұсыныстарын қатаң орындау қажет: уақытында дәрілерді қабылдаңыз және ауырған уақытта төсек тартып жатуды сақтаңыз, өйткені ауыру кезінде жүрек қан тамырлары, иммундық және ағзаның басқа жүйелеріне жүктеме көбейеді. 
Итмұрын тұнбасын, қарақаттың, таңқурайдың морстарын, лимон қосылған шайды молынан ішу ұсынылады.
Инфекцияның таралуының алдын алу үшін ауруды сау адамдардан оқшаулау қажет (жеке бөлме бөлген дұрыс).
Ауру жатқан бөлмені үнемі желдету, тұрмыстық заттарды, сондай-ақ еденді зарарсыздандырғыш дәрі-дәрмектермен сүрту қажет.
Мүмкіндігінше аурумен қатынасты шектеу керек.
Тұмаумен ауырған ауруды күту кезінде медициналық бетпердені (дәке байлауышты) пайдаланған дұрыс.
 
Семей қаласының салауатты өмір салтын
қалыптастыру мәселелерінің орталығы