Басы » УЧС » Жаналықтар » Семейлік құтқарушыларына Семей қаласының депутаттық корпусы келді
Семейлік құтқарушыларына Семей қаласының депутаттық корпусы келді
Автор: УЧС
13-03-2017 17:20
Семейлік құтқарушыларына Семей қаласының депутаттық корпусы келді
Семей өңірінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін қарастыру бойынша өткен Семей қаласы малихатының кезекті сессиясы шегінде 2017 жылғы 9 наурызда қалалық маслихат хатшысы Б.Ақжаловтың басшы-лығымен қалалық маслихат депутаттарымен ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ № 2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне келу ұйымдастырылды. 
Іс-шара барысында қалалық маслихаттың жұмыс тобына № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде бар өрт-техникалық жасақтары көрсетілді,  Өрт байланыс орталық пунктін аралап, депутаттар «101» және «112» телефонына келіп түскен ақпараттарды жолдау және өтеу тәртіптерін өз көздерімен көрді. Сонымен қатар, № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының дабыл бойынша жиналуы және шығуы көрнекі ретінде көрсетілді. 
Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері де назарсыз қалмады, кездесу барысында маслихат өкілдері тұрғын-үй, тұрмыстық сипаттағы мәселелерді көтерді. Шара соңында қонақтарға Семей қаласының өрт сөндіру қызметінің тарихы сақталған – өрт-техникалық мұражайға экскурсия ұйымдастырылды. 
Кездесі қорытындысы бойынша Семей қаласының депутаттық корпусының жұмыс тобы Семей қ. № 2 жасағының өрт сөндіру қызметінің жұмыстарының ұйымдастыруына риза болды, сондай-ақ су тасқыны кезеңіне дайындық барысына қызығушылық танытты. 
 
 
ШҚО ТЖД Семей қаласының ТЖБ