Басы » УЧС » Жаналықтар » Семейде Ш.Уалиханов атындағы «Жас ұлан» ерлер лицейінің кадеттіктері арасында «Қауіпсіздік мектебі» атты жарыс өтт
Семейде Ш.Уалиханов атындағы «Жас ұлан» ерлер лицейінің кадеттіктері арасында «Қауіпсіздік мектебі» атты жарыс өтт
Автор: УЧС
18-03-2017 09:22
Семейде Ш.Уалиханов  атындағы «Жас ұлан» ерлер лицейінің кадеттіктері арасында «Қауіпсіздік мектебі» атты жарыс өтт
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылғанына 85 жыл толуына орай «Жас ұлан» ерлер лицейі базасында Дүниежүзілік азаматтық қорғау күні арналған «Қауіпсіздік мектебі» атты жарыс өтті. Жарысқа 6 взводтан (71, 72, 81, 82, 91, 92)  6 команда қатысты. Жарыс өту барысында жоғары және орта буындағы жас жасұландықтар әртүрлі құтқару амалдары бойынша жарысты. 
Жас жасұландықтарды жарыстың ашылуымен ШҚО ТЖД Семей қаласының ТЖ басқармасының өкілі  құттықтады. Жас ұландықтар қонақты салтанатты түрде лицей алаңына сапқа тұрып қарсы алды.
-  Биылғы жыл мерейлі күндерге толы, - деп сөз бастады Семей қаласының ТЖ басқармасы Азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері, аға лейтенант Дмитрий Аскаров. – еліміз жақында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуын атап өтті, жақын арада Қазақстандық полиция негізінің қалануына 25 жыл болуын атап өтеді. Осындай мерекелік тізбекпен біздің жарысымыз да өтуде. Биыл Қазақстан азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылғанына 85 жыл болды. Кейбіреулеріңіз осындай жарысқа алғаш қатысып отырсыздар. Осындай жарыстар барысында сіздер көп нәрсе үйрене аласыздар, осында алған ілімдеріңіз болашақта қажеттеріңізге жарататындарыңыз сөзсіз. Сіздерге спорттық жетістіктер тілегім келеді. Мықтылардың мықтысы жеңіске жетсін!
Команда 4 адамнан құралды. Командаларға бірнеше кезеңдерден өтуге тура келді. Қатысушылардың барлық іс-қимылдарын қатаң әділқазылар, Жас құтқарушылар мектебінің түлектері мен екінші жыл қатысып жүрген тыңдаушылар бақылап отырды. 
Кезеңдер көп болды. Кадеттер ТҚН бойынша сұрақтарға жауап берді, қоршаған айналаға бағдар жасады, картография және халықаралық қауіпсіздік белгілері бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Балалар өздерінің жалпы дене-күш дайындығын, алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Жарыс соңында марапаттау рәсімі өтті. жалпы есепте жеңімпаз атанған командалар дипломдармен және кубоктармен марапатталды. Взводтың 91, 72 және 81 командалары жүлделі орындар алды. 
Алдағы уақытта осындай жарыстарды дәртүрлі ету жоспарланып отыр. 
 
ШҚО ТЖД Семей қаласының ТЖБ