Басы » УЧС » Жаналықтар » Семейлік құтқарушылар қаза болған әріптестерін еске алды
Семейлік құтқарушылар қаза болған әріптестерін еске алды
Автор: УЧС
18-04-2017 17:22
Семейлік құтқарушылар қаза болған әріптестерін еске алды
Жыл сайын 17 сәуір күні Семей қаласының Өртке қарсы қызметтің барлық қызметкерлері мен ардагерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан Валерий Белоножко мен Рахымғали Икеновті еске алады. Қаза тапқын қызметкерлер жатқан жерге және қызметтерін өткерген № 45 өрт сөндіру бөліміндегі мемориал тақтасына гүл шоқтары қойылады.
«Цемент зауыты» АҚ орын алған өрт олардың екі жауынгер достарының өмірін қиды. Өмірде экстремалды мамандықтар аз емес. Бірақ, ең қауіптілерінің бірі өрттен қорғау қызметі қызметкерлерінің жұмысы деуге болады. Себебі олар алдыда өздерін не күтіп тұрғанын білмейді. Сол қаралы күні де жауынгерлер де алда не күтіп тұрғанынан бейхабар еді. 1993 жылғы 4 желтоқсанда Семей цемент зауытында өрт орын алып, зауыт аумағындағы көмір цехы жанған. Сол уақыттағы ІІБ өрттен қорғау бөлімінің 77 Семей әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирлері Валерий Белоножко мен Рахимғали Икенов қарамағындағы жауынгерлерді  сыртқа шығарып, өздері отпен бетпе бет қалған.  Өрт салдарынан цех ғимаратының 4-ші қабаты құлап, үйінді астында екі өрт сөндіруші де ерлікпен қаза тапты. 1996 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің  қаулысымен  өрт сөндіру кезінде  көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін  «ЕРЛІГІ ҮШІН» медалімен марапатталды. Қаладағы екі көшеге қаза болған өрт сөндірушілердің есімі берілді. 
Осы қаралы оқиғадан бері 24 жыл өтті, бірақ әріптестері сол күнді кешегідей естерінде сақтауда. 
Жас ұрпақ үшін бұл шара ерекше маңызды, олар өртке қарсы қызмет гарнизонының тарихымен, дәстүрлерімен және семейлік нағыз батырларымен жақын таныса алады. 
Өрт сөндіруші батырлардың ерліктері Семей жауынгерлерінің жүрегінде мәңгі қалары сөзсіз. 
 
 
ШҚО ТЖД Семей қаласының ТЖБ