Басы » УЧС » Жаналықтар » ҚР ІІМ ТЖК төрағасынан алғыс
ҚР ІІМ ТЖК төрағасынан алғыс
Автор: УЧС
18-04-2017 17:33
ҚР ІІМ ТЖК төрағасынан алғыс
Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы басшысы Қанат Әбділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігі ТЖ комитетінің төрағасы В.Беккердің алғыс хатын Семей қаласының ТЖ басқармасы Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің екі қызметкеріне табыстады. 
Олжас Сақпанбаев пен Әсет Түйінбаев 2017 жылғы 29 қаңтардан 8 ақпанға дейінгі аралықта Дүниежүзілік 28-ші қысқы универсиада кезінде Алматы қаласының объектілері мен азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты. Универсиадаға әлемнің 61 елінің спортшылары қатысты. 
Біздің қызметкерлер басқа қызметтер сияқты жоғары дайындық режимінде қызмет атқарып, қала халқы мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. 
Алда ЭКСПО-2017 күтілуде, бұл Қазақстандағы ең елеулі оқиғаларыдың бірі болмақ. Астанада өтетін аталған шара кезінде біздің қызметкерлер қауіпсіздікті қажетті деңгейде қамтамасыз ететініне сенімдіміз. 
 
ШҚО ТЖД Семей қаласының ТЖБ