Басы » УЧС » Жаналықтар » «Жібек жолы-2017» авторалли Семей арқылы өтеді
«Жібек жолы-2017» авторалли Семей арқылы өтеді
Автор: УЧС
13-07-2017 16:08
«Жібек жолы-2017» авторалли Семей арқылы өтеді
ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 2 жасағының күштері мен құралдары «Жібек жолы-2017» халықаралық ралли өтуде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.
 
7 шілдеде 6-шы «Жібек жолы-2017» халықаралық авторалли басталды. Ралли Ресейден, нақты Мәскеуден басталып, Қазақстан және Қытай жолымен өтпек. Жүк көліктері мен жолталғамайтын көліктер – барлығы 90ға жуық экипаж – екі апта ішінде он мың километр қашықтықты жүріп өтіп, 22 шілдеде қытайлық Сиань қаласына тоқтайды. 
Ралли Шығыс Қазақстан облысынан да өтеді, нақты Семей қаласы, Абай, Жарма және Аякөз аудандарынан. Колонна құрамына әлемнің 40 елінің 1400 жүргізуші, 150 жеңіл автокөлігі мен 500 жүк көлігі енді.
Семей 2017 жылғы 13 шілдеде «Жібек жолы-2017» халықаралық ралли қатысушыларын әуежай ауданында қабылдады. Бұнда авто-ралли қатысушылары өздерінің палаткалық қалашықтарын жайды. Семей қаласының ТЖ басқармасының және ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 2 жасағының қызметкерлері «Жібек жолы» халықаралық ралли-рейд қатысушыларына өрт, авариялық-құтқару қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. 
Қауіпсіздік іс-шараларын қамтамасыз етуге 3 бірлік техника және жеке құрамнан 12 адам қатысты. Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің инспекторы қатысушылармен өрт қауіпсіздігі бойынша әңгімелесулер мен нұсқаулықтар жүргізеді. 
Қатысушыларға жайғасқан орынға қаланың басқа да қызметтерімен бірлесе ТЖ қауіпсіздігі бойынша бірлескен пункт ашылды. Ертең барлық қатысушылар біздің өңірмен жүріп өтеді.
 
ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ