Басы » Семей қаласындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің » Жаналықтар » Семейде «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында жеке үйлердің құрылысы үшін телімдер белгілі болды
Семейде «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында жеке үйлердің құрылысы үшін телімдер белгілі болды
Автор: Семей қаласындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің
30-05-2017 18:08
Семейде «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында жеке үйлердің құрылысы үшін  телімдер белгілі болды
Мемлекеттік бағдарламаның пилоттық бағытын  Семейге жақын  Ұшақтар ауылында жүзеге асыру жоспарланып отыр.  Құрылысты бастау үшін  жер телімі де дайын. Оны қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Басқарма Төрайымы Ляззат Ибрагимоваға  ШҚО жұмыс бабымен барған кезде  таныстырды. 
Бағдарламаға сәйкес,  алдағы уақытта жергілікті әкімдік үйлердің құрылысын бірыңғай стильде ұйымдастырмақшы және оларға байланыс желісін де жүргізбек. 1 ш. метрі   120 000 теңге бағасымен салынған тұрғын үй кезекте тұрған жандарға ұсынылатын болады. Оны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен жеңілдігі бар заемдар алып, сатып алуға болады. 
ҚТҚЖБ басшысы қала әкімі Ермак Салимовпен бірге «Қарағайлы»  деп аталатын жаңа ықшамауданын көріп қайтты. Бұл жерде өңірлік тұрғын үй бағдарламасы аясында 18 көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғызылатын болады. Ол үшін 11,1 млрд. теңге көлеміндегі  дамыту институттарынан инвестиция алу жоспарланып отыр.  «Қарағайлыда»   «Нұрлы жер»  мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджеттері есебінен  9,5 млрд. теңгеге тағы 20 үй  салынбақ. Қазіргі уақытта 168 пәтерлі 3 тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. 
Семей қаласының әкімі мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Басқарма Төрайымы кездесу қорытындысын қалалық әкімдікте өткен жиында талқылады. 
 
Семей қаласындағы "Тұрғын үй құрылыс
жинақ банкі" АҚ -ның филиалы