Басы » "БЖЗҚ" АҚ Семей қаласындағы өңірлік филиалы » Жаналықтар » «БЖЗҚ» АҚ мен ШҚО әкімдігі арасында Меморандумға қол қойылды
«БЖЗҚ» АҚ мен ШҚО әкімдігі арасында Меморандумға қол қойылды
Автор: "БЖЗҚ" АҚ Семей қаласындағы өңірлік филиалы
31-08-2017 15:14
«БЖЗҚ» АҚ мен ШҚО әкімдігі арасында Меморандумға қол қойылды
2017 жылдың 10 тамызында Шығыс Қазақстан облысына жасаған іссапары барысында «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева облыс әкімі Даниал Ахметовпен кездесті.
Әкіммен кездесу барысында облыс тұрғындарының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуы, олардың қаржылық сауаттылығын арттыру және зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша ақпарат тарату мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы Меморандумға қол қойылды. 
Меморандумға сәйкес зейнетақы Қоры облыстың ірі қалалары мен елдімекендерінің тұрғындары арасында, кәсіпорындар мен басқа да ұйымдардың еңбек ұжымдары арасында таныстырылымдар арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Өз кезегінде облыс әкімдігі бұл шараларға белсенді түрде қолдау көрсетеді және қажет болған жағдайда сол шараларға қатысады.
 
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz