Басы » "БЖЗҚ" АҚ Семей қаласындағы өңірлік филиалы » Жаналықтар » «БЖЗҚ» АҚ «БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» тақырыбы бойынша Ашық есік күні шарасына шақырады
«БЖЗҚ» АҚ «БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» тақырыбы бойынша Ашық есік күні шарасына шақырады
Автор: "БЖЗҚ" АҚ Семей қаласындағы өңірлік филиалы
14-09-2017 12:30
«БЖЗҚ» АҚ «БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» тақырыбы бойынша Ашық есік күні шарасына шақырады
«БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді 2017 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10:00-де Байсеитов к-сі, 29 (филиалының кеңсесі),  Затаевича к-сі, 35 (филиалдың бөлімшесінің кеңсесі) мекен-жайларында  өтетін Ашық есік күніне шақырады.
Шараға қатысушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі туралы толыққанды және маңызды ақпараттар беріледі. Болашақ зейнеткерлер мына төмендегі сұрақтар бойынша жан-жақты ақыл-кеңес ала алады:    
- белгіленген кесте бойынша кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға  құқығы бар?
- 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы қалай есептеледі?
- ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар?
- шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі қандай?
- қайтыс болған салымшының жинақтарының мұраға қалдырылуы;
- зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі мен мерзімі;
- зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру барысындағы салық салу;
- зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару.
Барлық қатысушылардың зейнетақы төлемдеріне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға және жеке ақыл-кеңес алуға мүмкіндіктері бар.  
 
Источник: enpf.kz