Басы » Акимат » Қаулы, шешім, өкім » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Жазық ауылдық округі әкімінің аппараты" қала әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы 242 қаулысы
"Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Жазық ауылдық округі әкімінің аппараты" қала әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы 242 қаулысы
Автор: Акимат
05-05-2016 10:31
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 38 бабына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Жазық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Әкімдік қаулысының атқарылуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы З. Р. Исабаеваға жүктелсін. 
 
 
  Семей қаласының әкімі                                            Е. Сәлімов