АУКЦИОН
Автор: Акимат
26-05-2016 09:06
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ 2016 жылғы 14 маусымда сағат 10-00-де Семей қаласы, Интернационал көшесі, 8, әкімдік ғимаратының оң жақ қанаты, кіші зал, мекенжайы бойынша сауда-саттықтың ағылшындық тәсілімен жер телімдерін және жер телімдерін жалдау құқығын сату жөнінде аукцион өткізеді.
Аукционға шығарылады:
• Жекеменшік құқығына жер телімдері:
1) Мичурин көшесі, 140 В мекенжайы бойынша ғимаратты салу және қызмет көрсетуге арналған алаңы 0,0180 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 209 171 теңге, кепілдік жарна сомасы 10 459 теңге, жер салығының мөлшері 1 476 теңге;
2) Б. Жамақаев көшесі, 60 В мекенжайы бойынша ғимаратты салу және қызмет көрсетуге арналған алаңы 0,1560 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 2 448 233 теңге, кепілдік жарна сомасы 122 412 теңге, жер салығының мөлшері 12 792 теңге;
3) Ж. Кәрменов көшесі, 3 Б мекенжайы бойынша дүкенді салу және қызмет көрсетуге арналған алаңы 0,0195 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 329 390 теңге, кепілдік жарна сомасы 16 470 теңге, жер салығының мөлшері 1 599 теңге;
4) Т. Рысқұлов көшесі, 88 А мекенжайы бойынша дүкенді салу және қызмет көрсетуге арналған алаңы 0,0205 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 346 282 теңге, кепілдік жарна сомасы 17 314 теңге, жер салығының мөлшері 1 681 теңге;
5) О. Аюченко көшесі, 18 А мекенжайы бойынша балалар ойын-сауық орталығын салу және қызмет көрсетуге арналған алаңы 0,0793 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 978 514 теңге, кепілдік жарна сомасы 48 926 теңге, жер салығының мөлшері 6 503 теңге;
6) Герцен көшесі, 55 А мекенжайы бойынша балалар ойын-сауық орталығын салу және қызмет көрсетуге арналған алаңы 0,0176 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 421 696 теңге, кепілдік жарна сомасы 21 085 теңге, жер салығының мөлшері 1 443 теңге, жер телімінде өз бетімен орнатылған темір көлікжай орналасқан;
7) Ақжол көшесі, 20 А үй мекенжайы бойынша кафе мен дүкенді салу және қызмет көрсетуге арналған алаңы 0,0500 га жер учаскесі, жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер) - Ертіс өзенінің су қорғау аймағындағы жерлерді пайдаланудың арнайы режимі, бастапқы бағасы 658 900 теңге, кепілдік жарна сомасы 32 945 теңге, жер салығының мөлшері 4 100 теңге, жер телімінде өз бетімен орнатылған павильон орналасқан;
8) Степной кенті көшесі, 52 А үй мекенжайы бойынша қоғамдық моншаны салу және қызмет көрсетуге арналған алаңы 0,0760 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 737 489 теңге, кепілдік жарна сомасы 36 875 теңге, жер салығының мөлшері 6 232 теңге;
9) 20-Линия көшесі, 2 Д үй мекенжайы бойынша өндірістік базаны салу және қызмет көрсетуге арналған алаңы 0,1563 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 2 366 433 теңге, кепілдік жарна сомасы 118 322 теңге, жер салығының мөлшері
13 063 теңге;
10) Бәйшешек көшесі, 44-үй мекенжайы бойынша автокөлік жуу және спорттық-сауықтыру кешенін салу және қызмет көрсетуге арналған алаңы 0,0726 га жер учаскесі, жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер) - инженерлік коммуникацияларға қызмет көрсету үшін қауымдық сервитут, бастапқы бағасы
921 933 теңге, кепілдік жарна сомасы 46 097 теңге, жер салығының мөлшері 5 954 теңге;
11) Жолдыбай Дастенов көшесі, 67/1-үй мекенжайы бойынша шағын орталықты салу және қызмет көрсетуге арналған алаңы 0,2015 га жер учаскесі, жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер) - инженерлік коммуникацияларға қызмет көрсету үшін қауымдық сервитут, бастапқы бағасы 2 341 551 теңге, кепілдік жарна сомасы 117 078 теңге, жер салығының мөлшері 16 523 теңге;
12) Киевская көшесі, 22 Б мекенжайы бойынша дүкенді салу және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0040 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 45 524 теңге, кепілдік жарна соммасы 2 276 теңге, жер салығының мөлшері 328 теңге;
13) Бобровка алабы, 1490 А мекенжайы бойынша дүкенді салу және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0100 га жер учаскесі, жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер) – Ертіс өзенінің су қорғау аймағындағы жерлерді пайдаланудың арнайы режимі, бастапқы бағасы 95 840 теңге, кепілдік жарна соммасы 4 792 теңге, жер салығының мөлшері 820 теңге;
14) Юность көшесі, 77/7 мекенжайы бойынша көлікжай салу және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0020 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 22 522 теңге, кепілдік жарна соммасы 1 126 теңге, жер салығының мөлшері 164 теңге, жер телімінде өз бетімен орнатылған темір көлікжай орналасқан;
15) Юность көшесі, 77/8 мекенжайы бойынша көлікжай салу және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0020 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 22 522 теңге, кепілдік жарна соммасы 1 126 теңге, жер салығының мөлшері 164 теңге, жер телімінде өз бетімен орнатылған темір көлікжай орналасқан;
16) Юность көшесі, 77/2 мекенжайы бойынша көлікжай салу және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0020 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 22 522 теңге, кепілдік жарна соммасы 1 126 теңге, жер салығының мөлшері 164 теңге;
17) Юность көшесі, 77/3 мекенжайы бойынша көлікжай салу және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0020 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 22 522 теңге, кепілдік жарна соммасы 1 126 теңге, жер салығының мөлшері 164 теңге, жер телімінде өз бетімен орнатылған темір көлікжай орналасқан;
18) Юность көшесі, 77/6 мекенжайы бойынша көлікжай салу және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0020 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 22 522 теңге, кепілдік жарна соммасы 1 126 теңге, жер салығының мөлшері 164 теңге, жер телімінде өз бетімен орнатылған темір көлікжай орналасқан;
19) Юность көшесі, 77/5 мекенжайы бойынша көлікжай салу және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0020 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 22 522 теңге, кепілдік жарна соммасы 1 126 теңге, жер салығының мөлшері 164 теңге, жер телімінде өз бетімен орнатылған темір көлікжай орналасқан;
20) 2-Водная көшесі, 28 А мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсететін ғимаратты (үй-жайды) салу және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0225 га жер телімі, бастапқы бағасы 156 339 теңге, кепілдік жарна соммасы 7 817 теңге, жер салығының мөлшері 1 845 теңге;
 
• Жер телімін 5 жыл мерзімге жалдау құқығы:
21) Боранбай би көшесі, 93 Д үй мекенжайы бойынша өндірістік ғимаратты, имаратты салу және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,3968 га жер телімі, бастапқы бағасы 337 510 теңге, кепілдік жарна соммасы 16 876 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 39 045 теңге;
22) Кирпичный завод көшесі, 1 В үй мекенжайы бойынша өндірістік ғимаратты, имаратты салу және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,2 га жер телімі, бастапқы бағасы 225 224 теңге, кепілдік жарна соммасы 11 261 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 19 680теңге;
23) Водный заезі көшесі, 2 Б үй мекенжайы бойынша ғимаратты салу және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0592 га жер телімі, бастапқы бағасы 62 411 теңге, кепілдік жарна соммасы 3 121 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 5 825 теңге;
24) «Технологический институт» аялдамасы ауданы, Глинка көшесі мекенжайы бойынша уақытша үлгідегі құрылысты орналастыру және пайдалануға арналған, алаңы 0,0034 га жер телімі, жер теліміне ауыртпалықтар (шектеулер) - күрделі құрылыс салу құқығына және жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасасуға тыйым салу, бастапқы бағасы 5 743 теңге, кепілдік жарна соммасы
287 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 335 теңге, жер телімінде өз бетімен орнатылған павильон орналасқан;
25) Шугаев көшесі, № 1-автобус паркі ауданы мекенжайы бойынша уақытша үлгідегі құрылысты орналастыру және пайдалануға арналған, алаңы 0,0027 га жер телімі, жер теліміне ауыртпалықтар (шектеулер) - күрделі құрылыс салу құқығына және жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасасуға тыйым салу, бастапқы бағасы 4 237 теңге, кепілдік жарна соммасы 212 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 266 теңге;
26) Шәкәрім даңғылы, «Комфорт» сауда орталығының ауданы мекенжайы бойынша жарнама құрылымын орналастыру және пайдалануға арналған, алаңы 0,0002 га жер телімі, жер теліміне ауыртпалықтар (шектеулер) - күрделі құрылыс салу құқығына және жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасасуға тыйым салу, бастапқы бағасы 479 теңге, кепілдік жарна соммасы 24 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 20 теңге;
27) Дружба көшесі мекенжайы бойынша жарнама құрылымын орналастыру және пайдалануға арналған, алаңы 0,0002 га жер телімі, жер теліміне ауыртпалықтар (шектеулер) - күрделі құрылыс салу құқығына және жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасасуға тыйым салу, бастапқы бағасы 225 теңге, кепілдік жарна соммасы 11 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 20 теңге;
28) Усть-Каменогорская көшесі мекенжайы бойынша жарнама құрылымын орналастыру және пайдалануға арналған, алаңы 0,0002 га жер телімі, жер теліміне ауыртпалықтар (шектеулер) - күрделі құрылыс салу құқығына және жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасасуға тыйым салу, Ертіс өзенінің су қорғау аймағы аумағында шаруашылық пайдаланудың арнайы режимін сақтау, инженерлік коммуникацияларды пайдалану және жөндеу үшін қауымдық сервитут; бастапқы бағасы 264 теңге, кепілдік жарна соммасы 13 теңге, жалдау төлемінің мөлшері
20 теңге;
29) Лермонтов көшесі, гүл қатары мекенжайы бойынша уақытша үлгідегі құрылысты пайдалану және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0018 га жер телімі, жер теліміне ауыртпалықтар (шектеулер) - күрделі құрылыс салу құқығына және жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасасуға тыйым салу, бастапқы бағасы 4 227 теңге, кепілдік жарна соммасы 211 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 177 теңге;
30) Әуезов даңғылы, «Южный» дүкені мекенжайы бойынша уақытша үлгідегі құрылысты пайдалану және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0160 га жер телімі, жер теліміне ауыртпалықтар (шектеулер) - күрделі құрылыс салу құқығына және жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасасуға тыйым салу, бастапқы бағасы 37 569 теңге, кепілдік жарна соммасы 1 878 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 1 574 теңге;
31) Энергетик ықшамауданы мекенжайы бойынша уақытша үлгідегі құрылысты пайдалану және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0015 га жер телімі, жер теліміне ауыртпалықтар (шектеулер) - күрделі құрылыс салу құқығына және жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасасуға тыйым салу, бастапқы бағасы 1 905 теңге, кепілдік жарна соммасы 95 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 148 теңге;
32) Семей-Алматы трассы, 21 мекенжайы бойынша транспорт-логистикалық орталық салу және орналастыруға арналған, алаңы 1,1579 га жер телімі, бастапқы бағасы 873 913 теңге, кепілдік жарна соммасы 43 696 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 113 937 теңге;
33) Семей-Алматы трассы, 20 мекенжайы бойынша транспорт-логистикалық орталық салу және орналастыруға арналған, алаңы 10,7 га жер телімі, бастапқы бағасы 8 075 718 теңге, кепілдік жарна соммасы 403 786 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 1 052 880 теңге;
34) О. Полковничий көшесі, 80, мекенжайы бойынша туристік аймақ салу және орналастыруға арналған, алаңы 10,0 га жер телімі, жер теліміне ауыртпалықтар (шектеулер) - Ертіс өзенінің су қорғау аймағы аумағында шаруашылық пайдаланудың арнайы режимін сақтау, бастапқы бағасы 13 178 000 теңге, кепілдік жарна соммасы 658 900 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 984 000 теңге.
Сауда-саттыққа қатысу үшін төленетін кепілдік жарна сомасы барлық объект бойынша объектінің бастапқы бағасының 5 % құрайды. Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық нысаны бойынша бөлек енгізіледі.
Сауда-саттықтың ағылшындық тәсілі бойынша аукцион өткізудің шарттары. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының оның атауын, қысқаша сипаттамасын, бастапқы баға мен бағалардың ұлғаю қадамын хабарлауынан басталады. Сауда-саттыққа қатысушылар аукционға қатысуға табысталған аукциондық нөмірді көтеруі арқылы бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Объект бойынша сауда-саттық ең жоғарғы баға ұсынылғанға дейін жүргізіледі. Әрбір сатылған сауда-саттық объектісі бойынша аукцион нәтижелері, аукцион өткізілген күні жеңімпаз бен екінші сатып алушы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Жер телімдерін және жер телімдерін жалдау құқығын сату шарттары. Жер телімдерін нысаналы мақсатына сәйкес және берілген шекаралар шегінде пайдалану; жер телімін жалдау құқығын сатып алған жағдайда жер қатынастары бөлімімен жалдау шартын жасасу; қажет болған жағдайда сервитутқа рұқсат беру; жер салығын, жалдау төлемін уақытында төлеу; нысанды жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу; жер телімінің нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасын белгiлеу; қауіпсіздік мақсатында басқа тұлғалардың құқығын шектемей және ортақ пайдалануға зиянын келтірмей құрылыс алаңын қоршау; аумақтың санитарлық жағдайын мен техника қауіпсіздігін сақтау (құрылыс жүргізу кезінде жұмыс істеу кестесі, меншік иесі және құрылыс ұйымы туралы мәліметтер, байланыс телефондары және т. б. көрсетілген объектінің төлқұжатын орнату); құрылысқа арналған жер телімі оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл iшiнде (егер жобалық-сметалық құжаттарда неғұрлым ұзақ мерзiм көзделмесе) тиiстi мақсатында пайдаланылмаса, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жатады.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін келесі құжаттардың тізімін ұсыну қажет:
1) мәліметтер түрінде жер теліміне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім; 
2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; 
3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжат.
Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түп нұсқалары ұсынылады.
Электрондық өтініш берілген жағдайда, жоғарыда тізбеленген құжаттар құжаттың электрондық көшірмелері нысанында беріледі.
Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды. Өтінімі тіркелген тұлға аукцион өткізілетін күні аукциондық нөмірге алмастырылатын қатысушы билетін алады. Сауда-саттық процесінде аукциондық нөмірді басқа тұлғаның пайдалануына тыйым салынады.
Төлем шарттары. Аукцион аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданатын жер телімін немесе жер телімін жалдау құқығын беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі қабылданғаннан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сауда-саттық объектісін сатып алу-сату шарты жасалады. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуды мынадай тәртiппен жүргiзедi:
1) аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап бес банктiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде аукцион барысында белгiленген бағаның 50% мөлшерiнде енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиiстi аванстық төлем есебiне алынады;
2) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей енгiзiлуге тиiс.
Кепілдік жарналар қатысушының деректемелері көрсетіліп, кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берген күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде:
1) қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысудан бас тартқан жағдайды;
2) - аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан; 
- аукционның нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасасудан;
- сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартқан жағдайларынан басқа кезде қайтарылады.
Кепілдік жарна «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына ИИК KZ380705034631515001, Семей қаласының қазынашылық басқармасы, БИК KKMFKZ2A, БИН 060240002668 (қаржыландыру көзі 5, бюджет түрі 03), КБЕ 17, КНП 171 төленеді.
Аукционға қатысуға арналған өтінімді қабылдау және аукционға қатысушыларды тiркеу Семей қаласы, Интернационал көшесі, 8, 428, 241 бөлмелерде жүргізіледі. Анықтама үшін телефондар: 52-23-33, 360-351.