Басы » Акимат » Қаулы, шешім, өкім » Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар белгілеу туралы
Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар белгілеу туралы
Автор: Акимат
01-09-2016 14:34
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Сауда   қызметін  реттеу   туралы»  Қазақстан Республикасының 2004  жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі   міндетін   атқарушының 2015 жылғы  27   наурыздағы № 264 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 11148 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102-тармағына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін. 
2. Әкімдік   қаулысының   орындалуын   бақылау   қала  әкімінің орынбасары Қ. Ш. Ерембесовке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң  қолданысқа енеді.
 
 
Семей қаласының әкімі                                                      Е. Сәлімов